Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде 30 жылдық тәжірибесі бар мұғалімдерді біліктілік тестілеуден босату ұсынылды

Елімізде 30 жылдық тәжірибесі бар мұғалімдерді біліктілік тестілеуден босату ұсынылды

Мәжіліс депутаты Зарина Камасова ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу тәртібіне қойылатын талаптарды қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
Депутаттың пікірінше, біліктілік тесті мұғалімдердің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етпей, керісінше кедергі келтіреді.
“Ұстаздар шеберлігінің басты көрсеткіші ұлттық біліктілік тесті болса, онда неге оларға сұрақтармен, әсіресе оқыту әдістемесі бойынша тапсырмалармен танысуға мүмкіндік жоқ?! Шамамен сұрақтарды білу үшін сынақ тестін мұғалімдер 3063 теңге, директорлар 5000 теңгеге сатып ала алады. Ал мұндай тесттердің курстары 40000 теңге тұрады” деп өз наразылығын білдірді Камасова.
Аттестаттау ережелеріне сәйкес, мұғалім сынақтан өтуі тиіс, содан кейін ғана ол өз портфолиосын ұсына алады. Егер ұстаз сынақтан төмен балл жинаса, оның портфолиосы жарамсыз болып, санатынан айырылады.
Осы келеңсіздіктердің негізінде депутаттар біліктілік тест талаптарын қайта қарауды ұсынып отыр. Соның ішінде 30 жылдық тәжірибесі бар мұғалімдерге тест тапсыруды алып тастауды ерекше атап өтті.
07 қыркүйек 2022 ж. 305 0

Отаныңа қызмет ет!

09 мамыр 2025 ж. 103

Қимылдаған, қыр асады

08 мамыр 2025 ж. 92

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031