Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда мұнай-газ саласының қызметкерлері марапатталды

Қазалыда мұнай-газ саласының қызметкерлері марапатталды

Kyzylorda-news.kz. Елімізде жыл сайын қыркүйек айының алғашқы жексенбісінде мұнай-газ кешені қызметкерлері күні аталып өтіледі. Осыған орай бүгін Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында газ шаруашылығы саласының мамандары марапатталды.
Басқосуда аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мереке иелерін құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін газ шаруашылығы саласының мамандарына алғыс айтты.
Мұнан соң «Қаз Транс Газ Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы Әйтеке би газ шаруашылығы мекемесінің бір топ қызметкерлеріне аудан әкімінің «Алғыс хаты» тапсырылып, құрмет көрсетілді.
Мерекелік шарада облыстық мәслихат депутаты, «Тілеп» ЖШС директоры Ібайдулла Тілеп, аудандық мәслихат депутаты, аймақтық «Тұран Қазалы» газетінің бас редакторы Ғазиз Әліш құттықтау сөз сөйлеп, игі тілектерін жеткізді. Ал, «Қаз Транс Газ Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы Әйтеке би газ шаруашылығының директоры Қуаныш Сансызбаев мереке қарсаңында сала қызметкерлеріне көңіл бөліп, марапаттап жатқан аудан әкіміне алғысын айтты.
03 қыркүйек 2021 ж. 875 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 149

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 166

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 178

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 165

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031