Алаяқтар хабарласса, не істеу керек?
Егер алаяқтар сізге банк қызметкері болып хабарласса, онда мына ережелерді есіңізден шығармаңыз, деп жазады baq.kz.
Қоңырау шалған алаяқтар әдетте сізден мынадай ақпараттар сұратады:
▪️жеке бас мәліметтерін – аты-жөніңізді, тұрғылықты қалаңызды, карта нөмірін, шоттағы сомма мен т.б.;
▪️сіздің қаражатыңызды біреулер шешіп алмақ болғанын айтып қорқытады;
▪️ақшаңызға қауіп төніп тұрғанын алға тартады;
▪️мобильді қосымшалар немесе бағдарламалар көшіруді сұрайды.
Банктің шынайы қызметкерлері клиентке ЕШҚАШАН бірінші болып ХАБАРЛАСПАЙДЫ! Банк қызметкерлері қандай да бір маңызды мәліметті хабарлау үшін МІНДЕТТІ ТҮРДЕ сізді банкке ЖЕКЕ КЕЗДЕСУГЕ шақырады.
Егер сіз алаяқтың хабарласып тұрғанын түсінсеңіз, оның не айтатыны қызық болса да, онымен ұзақ сөйлеспеңіз. Заманауи хакерлік технологиялар сізбен сөйлесу барысында-ақ телефоныңыздан сіз туралы қажетті мәліметтер жинай алады. Сондықтан телефон тұтқасын бірден қойыңыз және банктің ресми нөмірлеріне өзіңіз хабарласып, мән-жайды біліңіз. Сонан соң 102 нөмірі бойынша полицияға хабарласып, алаяқтық туралы шағым қалдырыңыз.
Мұндай жайтты назардан тыс қалдырмай, құқық қорғау органдарына хабарласқан жөн.