Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындар талғамынан шыққан

Тұрғындар талғамынан шыққан

Біздің киелі мекенде қаншама еңбекқор жан бар десеңізші. Әсіресе қазіргі кезде жеке іс ашып, табысын маңдай термен табуға көшкен жастар басым. Олар елден ерек жаңа жолды жаңғыртуда. Солардың қатарынан Әйтеке би кентінің тұрғыны Гүлзира Мейрамбекқызы айрықша суырылып шықты. Оның қолға алған жаңа кәсібі жайлы дүйім жұрт тынбай таратуда. Біз де іскер келіншекпен әңгіме-дүкен құруды жөн көрдік. Бақсақ, Гүлзира былтыр «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлердің мемлекеттік гранттар беру конкурсында бақ сынаған.
Ауданда ешкімнің жұмысын қайталамаған жаңа жобасын ұсынған ол жеңімпаз атанды. Осылайша жаңашыл ойының арқасында 4500000 теңге қайтарымсыз грантты ұтып алды. Мұндай қомақты қаржыға механикалық және электрлі виброүстел, калибрлеу жабдығын, пенопластпен бетонды біріктіретін құрылғы, вакуумды қалыптау машинасын, және пластикалық қалыптар алынды. Бұдан бөлек өз ақшасына бетонды былғайтын аппарат пен компрессорге қол жеткізді.
Қазір 2 адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкер тұрғын үйлер мен ғимараттарға таңдауға қарай ою-өрнекті, тегіс және әртүрлі көлемдегі заманауи полифасад өнімін ұсынып отыр. Бүгінде сапалы бұл өнім қасбетті өңдеу мен әрлеуде таптырмас дүние. Тиімді бағадағы құрылыс бұйымы жауын-шашынан және басқа да климаттық жағдайлардан қорғайды.
– Ерекшелігі – 10-15 жылға дейін төзімді, үнемді, бойында жылу сақтайды. Дыбыс өткізбейді, жарылып кетпейді. Ғимарат сыртын бір қаптап және сапалы бояумен сырласа ұзаққа тұрады.
Аптасына 6 күн 8 сағаттық еңбек етеміз. Өз ауламыздан ашқан 300 квадрат метр аумақты қамтыған ашық және жабық жағдайдағы цех жұмыс істейді. Әзірленген қалыптың кебуіне 3-4 күн қажет. Бес күннен кейін қолдануға болады, – дейді Гүлзира Нұрлыбекова.
Бір айға жуық ісін бастаған кәсіпкердің айтуынша, өз өнімі арқылы екі үйдің қас беті аяқталды. Енді үшінші тұтынушының тапсырысын орындауда. Қазір күніге 400 қалып бастырылып шығарылады. Үлкен коттеджге шамамен 1600-дей, шағын нысанға 1000-дай қалып кетеді екен. Бір қалып 400-450 теңгеге бағаланады. Бұл күні сұраныс жақсы. Тұрақты тұтынушылардың пікірінше, штукатуркаға уақыт кетпейді, аса көп шығын шықпайды. Есесіне ақша үнемделеді. Сондықтан мұндай пайдалы тұсын түсінгендер тапсырыс беріп жатыр. Тек жағымды жаңалықты естігендер қатары санаулы.
Талапшыл ана жұбайы Асқармен бірге Алихан, Мансұр, Алинұр және Фалих атты ұлдарын тәрбиелеп отыр. Өз ісін әлеуметтік желі арқылы таратуда. Гүлзира отбасылық бизнесін ұлғайтуды мақсат етуде. Қосымша гипстен терезе-есік жақтауларына қас бетті әрлейтін гипстік өнімдер шығаруды көздейді. Мұнымен қоса, жоспардағы еуро қоршау жасауды қолға алмақ.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

02 тамыз 2022 ж. 241 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031