Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Нәзік жандар жанашыры

Нәзік жандар жанашыры

Әйелдердің анатомия-физиологиялық, психикалық ерекшеліктерін және бұл процестердің бұзылуын зерттейтін ғылымды гинекология деп атайды. Гинекология негізінде әйел ағзасына ғана тән аурулар мен репродуктивтік жүйесінің дерттерін зерттейтін медицинаның бір саласы саналады. Гинекология жүктілік пен тууға қатысты, бастапқы кезеңнен соңғы кезеңге дейінгі әйел организміндегі өзгерістерді зерттейтін акушерлікпен тығыз байланысты.
Гинекология ертедегі Үндістан, Мысыр қолжазбаларында, емдеу кітаптарында да орын алған. Ертедегі грек ғалымы Гиппократ (б.з.б. 4-5 ғ) әйелдердің ішкі мүшелерінің қабынуы мен ауруы және жатыр ісіктері туралы жазған болатын. 19 ғасырдан бастап Гинекология жеке ғылым болып дамыды.
Бүгінде осы саланы дамытып, нәзікжандылардың жанынан табылып жүрген акушердің бірі – Ұлбосын Балымбетқызы. Қазалы теміржол емханасының бірінші санатты акушері ретінде тұрғындарға қызмет еткеніне 35 жылға жуықтады.
Әріптестерінің арасында сыйлы маман жұмыс жасаған уақытында өзін іс тәжірибесі мол сауатты, білікті маман ретінде жақсы жағынан көрсете білді. Олардың айтуынша, тәртіптілігімен, жинақылығымен ерекшеленеді. Шұғыл жағдайда сауатты әрекет етеді. Медициналық манипуляцияларды жетік меңгерген. Аурухана бойынша санитарлық-гигиена және эпидемиологияға қарсы режим бойынша негізгі нормативтік құжаттардың талаптарын жақсы біледі.
Жалпы Ұлбосын Тұрдығұлова қиын жағдайды қортындылай алатын тәжірибелі акушер. Ол өзіне тиісті кәсіби құзіретінің және өкілеттігінің шеңберінде шешім қабылдайды.
– Жұмыс барысында түрлі жағдайды бастан өткереміз. Олардың әрбіріне дайын тұруға міндеттіміз. Сондықтан алдымызға келген науқастың ауыр күйін және оны ауыр күйден алып шығу шараларын, медициналық көмектің көлемін және тізбегін анықтауға тура келеді. Мұндайда қажетті медициналық көмекті көрсетеміз. Жүкті әйелдерге және гинекологиялық науқастарға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету, алдын ала диагноз қою және жүктілік мерзімін белгілейміз. Ұйымдастыру және емдеу шараларын орындай отырып жүкті, сондай-ақ босанған әйелдерді, гинекологиялық науқастарды диспансерлеу және патронаждау жүргізуге де үлес қосамыз. Әйелдерді бала емізу, ұрпақты болу жүйесі ауруларының, түсіктердің және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу мәселелері бойынша санитариялық-гигиеналық оқытуымыз да бар. Ауруханаға жатқызу үшін көрсеткіштерді анықтап, пациенттің жағдайын сәйкестігін бақылаймыз, – дейді Ұлбосын Балымбетқызы.
Бұдан бөлек медициналық техникалық манипуляциясын қолданатын өз ісінің шебері өмірге қажетті көрсеткіштерді – дене қызуы, тамыр соғысы, дем алуын анықтайды. Қызметтік міндетіне сәйкес қажетті медициналық құжаттарды жүргізеді. Төтенше жағдайлар кезінде тұрғындарға, науқастар мен зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек шараларын жүргізіп, науқастар мен халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын қадағалайды. Өз кәсіби деңгейін, білімін жетілдіріп отырады. Жүргізген жұмысының есебін жасап, оның тиімділігіне талдау жасайды. Міне осындай тынымсыз ісімен бүгінде әйелдердің сүйіспеншілігіне бөленіп жүр. Олардың алғаусыз алғысын естіп, немере сүйген үлкендердің ризашылығын сәт сайын алуда. Осындай кіршіксіз жұмысынан рахат алатын жан ұжым мен халық арасында беделі жоғары сауатты, әрі білікті маман саналады. Әркез жастардың үйретуші ұстазы ретінде өз тәжірибесімен бөлісуден жалықпайды. Алдағы уақытта оның жылдар бойғы еңбегі еленіп, зор құрметке ие болады деген сенімдеміз.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
02 тамыз 2022 ж. 348 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031