Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Полиция қандай нөмірді басқа көлікке қалдыруға болатынын түсіндірді

Полиция қандай нөмірді басқа көлікке қалдыруға болатынын түсіндірді

Сақтауға тапсырылған нөмірлер басқа көлік иелеріне берілмейді. Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті сатылған көліктің тіркеу нөмірін сақтауға тапсыру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Заңға сәйкес, көлік құралын есептен шығарғанда мемлекеттік тіркеу нөмірі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына тапсыру қажет. Алайда көлік иесіне бұрынғы нөмірі ұнап тұрса, оны 6 айға дейін сақтауға болады. Ондай нөмір қолданыстағы ұлттық стандарттың талаптарына сай болуы шарт.
Ал ескі үлгідегі мемлекеттік тіркеу нөмірлері, сондай-ақ, оқылмайтын, майысқан, өшіп қалған, бұрғылап орнатылған нөмір сақтауға қабылданбайды.
"Мемлекеттік корпорацияда 30 күнтізбелік күн сақталғанға дейін МТНБ бергені үшін мемлекеттік баж төлемей беріледі. Бұрын тапсырылған және көлік құралы иесінің сұрауы бойынша ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келетін мемлекеттік тіркеу нөмірі жаңадан сатып алынған көлік құралына қайта тағуға болады", - дейді мамандар.
Сақтауға тапсырылған нөмірлер басқа көлік иелеріне берілмейді. Бірақ осы шектеу кейбір көліктерге тарамайды.
Олар:
мемлекеттік органдардың, дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) оның өкілдіктерінің, Қазақстан Республикасында тіркелген консулдық мекемелердің көлік құралдары, Қазақстан Республикасында аккредиттелген қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің көлік құралдары;
мұрагерлікпен берілген көлік құралдары;
Алайда мұрагерлер мемлекеттік баж салығын төлеуге міндетті. Автомобильдер мен автобустарға 2,8 АЕК (8 904 теңге), мотокөлік пен тіркемелерге - 1,4 АЕК (4 452 теңге).
19 шілде 2022 ж. 579 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031