Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚР ІІМ бірқатар мемлекеттік қызмет түрін egov-қа ауыстырып жатыр

ҚР ІІМ бірқатар мемлекеттік қызмет түрін egov-қа ауыстырып жатыр

Алдағы уақытта Ішкі істер министрлігі көрсететін бірқатар мемлекеттік қызмет түрі Азаматтарға арналған үкімет (egov.kz) порталында қолжетімді болады. Бұл туралы ІІМ-нің онлайн баспасөз мәслихатында министрліктің Көші қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтің төмендегі түрлерін алдағы уақытта egov-тан алуға болады:
- бұрын есептен шығарылған көлік құралын сатуға байланысты қайта тіркеу;
- есепте тұрған және есептен шығарылған көлік құралдарын заңды тұлғалардың атына қайта тіркеу;
- есепте тұрған және есептен шығарылған мотокөлік, тіркеме иелері үшін көлік құралдарын қайта тіркеу;
- жоғалтқан немесе анкеталық мәліметтер ауыстырылған жағдайда көлік құралдарын тіркеу туралы куәландыруды ауыстыру, сонымен қатар көліктің мемлекеттік нөмірі жоғалған немесе зақымдалған жағдайда ауыстыру қызметі;
- қызмет алушының атына тіркелген мемлекеттік нөмірдің дубликатын дайындау. Еске сала кетсек, Ішкі істер министрлігі мемлекеттік қызметті көрсету процедураларын қысқартып, әкімшілік кедергілерді төмендетіп, қызметкерлердің бұл іске араласуы мен пара алу ықтималдығын азайтып жатыр. Жыл басынан бері 9 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды. Оның 8-і қару айналымына, 1-і қаруды қылмыстық сипатта зерттеу саласына қатысты. Бүгін де автоматтандыру деңгейі 88,6 пайызды құрайды. Яғни барлық 44 қызметтің 39-ы автоматтандырылған.


16 қараша 2020 ж. 502 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 118

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 106

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930