Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Тәжвирус” қайта өршуде

“Тәжвирус” қайта өршуде

Өткен 2020 жылдың 13-ші наурызында бастау алған аты жаман ауру көптеген жанды жақынынан айырды. Елде қатаң карантиндік шаралар ұйымдастырылып, темірдей тәртіп орнап, 2021 жылы ауыздықтағандай болды. Алайда жуырда дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ғалымдары оңай мутацияға ұшырайтын және тез таралатын «Омикронның» жаңа түрін анықтады.
«Кентавр» деп аталатын коронавирустың жаңа түрі 2022 жылдың мамыр айында, Үндістан елінде табылды. Содан бері вирус оннан астам елге, соның ішінде Ұлыбритания, АҚШ, Австралия мен Германия және Канада елдерінде белең алды.
Гамалея эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, вирусолог Анатолий Альтштейн жақында ғана табылған «Кентаврдың» қауіптілігін бағалады.
– Көп елге дүрбелең тудырған BA.5 вирусы аяқталуға жақын. Қазір күніне бір миллионға жуық жағдай тіркеліп жатыр. Бұл қаңтар және ақпан айларымен салыстырғанда айтарлықтай аз. Жаман айтпай, жақсы жоқ. Бірақ, «Кентавр» бізге де жетуі мүмкін. Алайда, мен оны өте ауыр болады деп айта алмаймын, – дейді маман.
Мамандардың айтуынша, коронавирустың бұл түріне шалдыққан науқаста дене температурасының жоғарылауы, әлсіздік, бас ауруы мен бұлшықет ауыруы, іштің ауыруы және иіс жоғалуы сынды белгілері болады. Яғни, «Кентаврдың» алғашқы белгілерінің «Омикроннан» еш айырмашылығы жоқ дейді.
Қазіргі таңда, елде алдын алу шаралары жасалынып, «PFIZER» екпесін салушылар саны артып келеді. Мәселен, алғашқы компонентін салдырғандар саны – 1 229 826-ға жетсе, ал екінші компонентін – 1 168 972 адам қабылдаған.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсе бастады.

Серік АҚМЫРЗА
19 шілде 2022 ж. 455 0

Музей – тұнған тарих

18 мамыр 2024 ж. 91

Бегім ана берген сый

18 мамыр 2024 ж. 142

ҰБТ: қам қалай?

18 мамыр 2024 ж. 97

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031