Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Вирусолог коронавирус пандемиясының аяқталу мерзімін атады

Вирусолог коронавирус пандемиясының аяқталу мерзімін атады

Гамалея орталығының бас ғылыми қызметкері, вирусолог, профессор Анатолий Альтштейн Covid-19 ауру қарқынының маусым айына дейін төмендейтінін мәлімдеді. Дәрігер содан кейін коронавирустық пандемияның аяқталуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Альтштейннің айтуынша бүкіл әлемде COVID-19 ауруының қарқыны біртіндеп төмендеп келеді. Коронавирустың қарқыны қазір екі жыл бұрынғы жағдайдан мүлдем өзгеше. Сондықтан көп ұзамай індет өз механизмдерімен кетеді.
“Бізде Ресейде адамдардың 50 пайыздан астамы вакцина алған. Ауырғандар саны да көп болды. Менің ойымша маусымға дейінгі аралықта індет аяқталады”, - деді Анатолий Альтштейн.
Бұған дейін Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі елдегі коронавирусқа қарсы екі жылдық күресті қорытындылады. Екі жыл ішінде қазақстандықтар 1 айдан 3 айға дейін созылған сырқаттанушылықтың бес толқынын бастан өткерді. Сонымен қатар аурудың әрбір келесі өсуі алдыңғы деңгейден жоғары болды. Елде қазіргі таңда жағдай тұрақталып келеді. Барлық облыстар эпидемиологиялық жағдай бойынша "жасыл" аймақта тұрғандықтан шектеу шаралары біртіндеп алынып тасталуда.
15 наурыз 2022 ж. 449 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 85

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 81

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 81

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 75

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 151

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930