Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұрт дүкеннен таппай жүрген қант интернетте тонналап сатылып жатыр

Жұрт дүкеннен таппай жүрген қант интернетте тонналап сатылып жатыр

Қанттың интернеттегі жарнамасы жер жарып тұр. Кім қанша алғысы келсе де шектеу жоқ.
Еліміздің бірнеше өңірінде құмшекердің тапшылығы қарапайым көпшілікті сарсаңға салып қойды. Тіпті Ақтөбе тұрғындары қант сатып алу үшін сауда нысандарында түнгі сағат 3-тен бастап кезекке тұрады. Тәтті өнімге талас бұдан басқа да аймақтарда байқалады. Сондай-ақ қанттың бағасы да шарықтап кеткен. Министр Бақыт Сұлтанов қазір Ресейден осы өнім келмегендіктен мәселенің туындағанын айтқан.
Әйтсе де, жұрт дүкен сөрелерінен таппай жүрген қанттың интернеттегі жарнамасы жер жарып тұр. Экспресс К тілшісі жарнамадағы нөмірлерге хабарласып, сатушылардың қантты қайдан алып жатқандарын сұрап көрді.
«Бізге Ресейден келді. Қаппен сатпаймыз. Тек тонналап ала аласыз. Келісі 650 теңгеден. Бірақ келесі келгенде, қымбат болуы мүмкін», — деді интернет сатушысы.
Ал кейбір жарнамаларда қанттың бір келісі 330 теңге деп жазылған. Олар өнімді қайдан әкеліп, сатып жатқандарын айтпады.
«Біз айта алмаймыз қайдан әкелетінімізді. Аламын деушілерге шектеу жоқ, қанша алғысы келсе де», — деді арзан қант сатушы.
Айта кететін жағдай, интернеттен арзан қант іздеген Тараз тұрғыны алаяққа алданып қалған болатын.


10 шілде 2022 ж. 421 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031