Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайырымы мол қаражат

Қайырымы мол қаражат

Биыл жаңа ереже бойынша қайтарымсыз грантқа үміткерлер “Бастау бизнес” жобасының сертификатын соңғы 3 жыл ішінде алған және кемінде 1 жыл тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеу туралы мәліметтерді ұсынуы керек. Азаматтарға мемлекеттік грант тек бір рет қана беріледі.
Алғашқы кездері мемлекеттік грантқа барлық азаматтардың қатысуға мүмкіндігі болатын. Осы жылдан бастап әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарға, атаулы көмек алатын отбасы мүшелеріне, көп балалы отбасыларға ғана қайтарымсыз қаражат үлестірілді.
Мұндай бақытқа Әйтеке би кентінің тұрғыны Гүлназ Есбергенова да ілікті. Ол мемлекеттің берген 1225200 теңгесіне бір бұзаулы сиыр мен 3 қашар алды. Қазір мүйізді іріқараларға арнап жем-шөбін дайындаған, күнделікті өріске қосып отыр.
– Әзірге біреуін сауып отырмын. Асылтұқымды болмағасын сүтті аз береді. Сондықтан оны өзіміз қолданудамыз. Бұйырса алдағы уақытта мал басын көбейтуді ойлаудамыз. Қалғаны бұзаулы болғанда сауып, тұтынушыларға өткіземіз деген жоспарымыз да жоқ емес. Өйткені қазір барлығы да табиғи өнімді алуға талпынуда. Сұраныс та жақсы, – дейді кәсіпкер.
Оның айтуынша, әуелгіде 583000 теңгеге құжат дайындап, “Бастау бизнесті” 1 ай оқыған. Арнайы сертификатын да алған. Дегенмен кезегі жетпей, оны алу мүмкіндігі болмаған.
– Биыл тағы грант беру жобасы іске асады дегенде іштей үмітім жанды. Қайта бағымды сынадым. Қаражат берілетінін білгенімде қуаныштан
төбем көкке жетті. Өйткені отбасым үшін үлкен көмек. Үй шаруасында отырған мендей әйелдерге қосымша табыс көзін ұсынған мемлекеттің демеуіне дән ризамын. Қолдау білдірген жандарға алғысым шексіз. “Бастау бизнесте” сабақ өткізген тренерлерге ризашылығымды білдіремін. Онда кәсібіңді дамытуға қатысты ақпараттар ұсынылып, зейініміз ашылды. Жаңа жобалар туындады, оларды жүргізу жолдары айтылды, – дейді көпбалалы ана.
Бүгінде Гүлназ Исламқызы жұбайы Бақытбекпен бірге 1 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отыр.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
05 шілде 2022 ж. 365 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930