Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көгілдір отын қауіп төндірмес үшін...

Көгілдір отын қауіп төндірмес үшін...

Газ үйіміздегі жылу және жайлылық кепілі, алайда, жабдықтарын сауатсыз пайдалану кезінде газ жарылғыш болып табылады. Көгілдір отын үйге қуаныш пен жайлылық әкелуі үшін газ құрылғыларын (ағынды су жылытқышты) орнатудың (ауыстырудың) қарапайым, бірақ өмірлік маңызды ережелерін сақтау керек. Егер пәтерде немесе жеке тұрғын үйде орнатылған газ жабдығын өзге техникалық сипаттамалары бар жаңасымен немесе басқа жерге ауыстыру жоспарланса, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалына келіп, қосылуға техникалық шарттар алуыңыз және жобалау құжаттамасына өзгерістер енгізу қажет. Газ жабдығын алғаш рет орнататын болсаңыз, аталған мекемеге келіп, қосылуға техникалық шарттар алуыңыз және қосымша газ пайдаланушы жабдықты орнатуға арналған жобаға тапсырыс бересіз. Ол үшін пайдаланылып жатқан газ құбырлары мен газдандырылған объектілерге атқарушы-техникалық құжаттаманы дайындайтын, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін рұқсат құжаттамасы бар компаниялардың қызметтеріне жүгіну қажет.
Кез келген жағдайда газ пайдалану жабдықтарын орнату немесе ауыстыру жұмыстарын тек мамандандырылған газ тарату ұйымы жүргізуі аса маңызды екенін есте ұстаңыз. Өз бетінше қосу нәтижесінде газдың кему ықтималдығы жоғары. Нәтижесінде қауіпті жарылыс/өрт жағдайлары болуы мүмкін. Сонымен қатар, біліксіз монтаждау (су жылытқышты) гидраттың бітелуіне, судың газ тарату желісіне түсуі және тұрғын үйдегі газбен жабдықтаудың іркілісіне әкеледі. Бұл, өз кезегінде, газ құбыры учаскелерін ауыстырып салу ықтималдығымен күрделі және қымбат авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді талап етеді.
«Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптар» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 673 бұйрығының 286-тармағына сәйкес, «газ шығып тұрғанда пайдаланылатын қауіпсіздік автоматикасының, мұржаларының, желдету арналарының ақауы бар, түтін шығаратын құбырларының бастары қираған, сондай-ақ өз еркімен қосып алынған газ пайдалану қондырғылары қолданыстағы газ құбырынан тығын қоя отырып ажыратылуға тиіс».
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-тарауының 30-бабына сәйкес «газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің иелері олардың қауіпсіз пайдаланылуын және жарамды күйде болуын қамтамасыз етуге, өздеріне тиесілі объектілерге техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргізуге немесе техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті».
Үйді өз бетімен газдандыруға, газ аспаптарын, баллондар мен тиек арматурасын орнын ауыстыруға, алмастыруға және жөндеуге үзілді-кесілді тыйым салынады. Газ аспаптарымен жұмыс жасауда абай болыңыз және тұрмыста газды пайдалану ережелерін сақтаңыз. Өзіңізге және көршілеріңізге қауіп төндірмеңіз. Апаттық газ қызметі тәулік бойы жұмыс істейді, авариялық жағдайлар туындаған жағдайда 104 номері бойынша қоңырау шалу қажет.
Қуаныш САНСЫЗБАЕВ,
«ҚазТрансГаз Аймақ» Әйтеке би газ шаруашылығының директоры
05 шілде 2022 ж. 562 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930