Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Белсенді партияластар марапатталды

Белсенді партияластар марапатталды

Бүгін «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалында референдумды түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысқан штаб мүшелерін, сондай-ақ дауыс беру күні жоғары деңгейде жұмыс атқарған партия өкілдерін марапаттау шарасы өткізілді.

Салтанатты шараға «AMANAT» партиясы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев және штаб мүшелері мен белсенді партияластар қатысты.

Жиында партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жаппарбергенұлы cөз алып, Жаңа Қазақстан құруға бағытталған саяси реформаларды қолдап, референдумда қосқан белсенді үлестері үшін қатысушыларға облыстық партия филалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешованың арнайы Алғыс хаттарын табыстады.



Сонымен қатар шара барысында партияның қатары толығып, жаңа аманаттықтарға партия билеттері табысталды.
Жиын соңында қатысушылар Жаңа Қазақстанды құру жолындағы жауапты сәттер әлі алда екендігін, ел дамуы жолындағы жаңа белестерді бағындыруға дайын екендіктерін алға тартты.
24 маусым 2022 ж. 316 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31