Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжіліс депутаттарының қатысуымен референдумды насихаттау жұмыстарының ІІ кезеңі басталды

Мәжіліс депутаттарының қатысуымен референдумды насихаттау жұмыстарының ІІ кезеңі басталды

Мемлекетіміз жаңа кезеңге аяқ басқалы тұр. «AMANAT» партиясы бұл үрдістерден тыс қалмай, халыққа Президент реформаларын түсіндіру бойынша жұмыстардың алдыңғы шебінде жұмыс жасап келеді.
Осы орайда, бүгін «AMANAT» партиясы ҚР Парламент Мәжілісі депутаттары, партияның республикалық штаб мүшелері Бақытбек Смағұл және Геннадий Шиповскихтің ауданымызға іс сапары жалғасты.
Алғашқы ақпараттық-түсіндірме жұмысын республикалық штаб мүшесі Бақытбек Смағұл аудан жастарына жүргізуден бастады. Аудандық оқушылар үйінде өткен басқосуда жастарға алдағы референдум туралы ақпаратты жеткізу маңызды екендігі айтылып, негізгі түзетулер жөнінде сөз болды.
«5 маусымда өтетін республикалық референдум – соңғы 27 жыл ішінде тұңғыш рет өткізілетін, тарихи мәні зор, ел өміріндегі маңызды оқиға. Ел Президенті айтқан ашық, естуші жаңа Қазақстанды құру жұмысы біздің қолымызда. Сондықтан оны құруға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек!» - деді республикалық штаб мүшесі Б.Смағұл.
Жиында пікір алмасқан белсенді жастар жарқын болашақтың іргетасын қалайтын маңызды күнге бей-жай қарамай, референдумға барынша белсенді қатысатындықтарын атап өтті.
Ал республикалық штабтың мүшесі Геннадий Шиповских ауданға сапарын Көларық ауылдық округі, Ақтан батыр ауылының тұрғындарымен кездесуден бастады. Негізгі мақсат - жергілікті тұрғындар арасында конституциялық түзетулер жобасын түсіндіру және референдумды қолдауға шақыру. Сондай-ақ, олардың ұсыныстарын тыңдап, талқылау.
Жиында сөз алған Геннадий Геннадиевич жиналғандарға жалпыхалықтық референдум өткізудің алғышарттарын, ұсынылған реформалардың ерекшеліктерін және маңызын қарапайым әрі түсінікті сөздермен әңгімелеп берді.
Сонымен қатар, кездесуде тұрғындар тарапынан елдік деңгейде және елді мекенді дамыту негізіндегі басымдықтар сөз болып, түрлі тақырыптарда ұсыныс-пікірлерімен алмасты.
Айта кетейік, аталмыш жиындарға мәжіліс депутаттарымен бірге аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық партия филиалы штабының төрағасы Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық мәслихат хатшысы, аудандық штаб мүшесі Бақытжан Жарылқап, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық штаб мүшесі Ібайдулла Тілеп және аудандық, штаб мүшесі Өтеев Мнажадин қатысты.
#ReferendumAMANAT
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
30 мамыр 2022 ж. 550 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031