Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сала таңдау – салмақты шешім

Сала таңдау – салмақты шешім

Осыдан он-он бес жыл бұрын мемлекеттік қызметкерлердің айлық табысымен қатар абыройы да асқақтап тұрды. Елдің іргетасын қалап, дамуына бағытталған шараларды жүзеге асыратын сала мамандарына жұртшылық қызыға да сүйсіне қарайтын. Қазіргі күні бұл көзқарас, пайым біршама өзгеріске ұшырағаны анық. Десек те әкімдіктің абыройын арттыруға асығып, елдік іске келгенде жең түре жүгіретін азаматтар аз емес. Солардың бірқатарынан жұмыстың қызығы мен шыжығы, мемлекеттік қызметті таңдау себебі жайында сұраған едік.

Нәби Үргенішбаев, ардагер қызметкер:
– Жастардың арасында мемлекеттік қызметке бірден қол жеткізуді ойлайтындар аз емес. Бірақ сәл ертеректе өзін белгілі бір салада дәлелдеген, қиындықтарды шеше алатын ел ішіндегі азаматтарға көбірек мүмкіндік берілді. Мен еңбек жолымды аудандық мал бордақылау бірлестігінде бастадым. Кейін құрылысшы, одан соң су маманы, беріректе егіс бригадирі болып, күріш егу жұмысында сыналдым.
2004 жылы бес бірдей жаңа ауылдық округ ашылған тұста, Бірлікке әкім болып тағайындалдым. Сол кезден бастап алға қойған мақсатым, талпынар биігім өзіме белгілі еді. Сол уақытқа дейінгі жиған тәжірибем, біліктілігімді пайдаланып, маған артылған халықтың тілегін, үмітін баянды етуді ойладым.
2009 жылы Тасарық ауылдық округіне ротация арқылы қызмет ауыстырдым.
2012 жылы шілде айында Өркендеу ауылдық округіне келіп, 12 жыл қызмет істедім. Құдайға шүкір, халықтың әлеуетін арттыру, санитарлық тазалық біркісідей үлес қостым. Елдің ауызбіршілігінің демеуімен ауылдағы 9 көшенің 8-ін күрделі жөндеуден өткіздік. Орталық саябақ, жастар алаңы құрылды. «Big ben» сағатын орнаттық. Бүгінде «Жанкент шаһарының» көркін еселеп тұрғанын жұрт біледі.
18 жыл мемлекеттік қызметте болдым. Бір анығы адалдықты ойлап, өтірік айтпай, ешкімнің ала жібін аттамаған жан абыройдан кенде болмайды. Елге қызмет ету барысында үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетсе қалған істің бәрі өз ағынымен шешіле береді. Кез келген мемлекеттік қызметкер халықтан кейін тұрғанын бір сәт естен шығармағаны абзал.

Тойлыбек Талғатбеков, мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы:
– Бұл салаға 2018 жылы келдім. Екі жылдан кейін Әйтеке би кенті әкімдігі аппаратына жетекші маман болып ауыстым. Мемлекеттің қызметкер ретінде «Жаңа Қазақстанның» құрылуына өз пайдамызды тигізгіміз келеді. Әрбір салада ішкі бюрократия, сыбайлас жемқорлықты жойып, халықтың пайдасына жұмыс жасасақ деген ойымыз бар. Мәселен, Халыққа қызмет көрсету орталығына келгенде барлығы немен бітетінін біліп отырамыз. Сол секілді мемлекеттік қызметшілерден қызмет алған жұрт ақыры не болатынын біліп тұру керек. Яғни барлығы заңдылыққа сай, ашықтықта болуы қажет. Арам оймен аяқ басып, нан тауып жүргендердің жолына тосқауыл қойып, жаңашыл жастармен ел үшін еңбек ететін жандарды тарту шарт. Сонда халықтың қалауына, тілегіне бағытталған әкімдік, билік «Жаңа Қазақстанды» құра алады деп ойлаймын.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2021 жылы оқуға түстім. 2023 жылы аяқтап, алған білімімді аудан игілігіне, мемлекеттік сатып алу саласын жетілдіруге жұмсаймын.

Ардақ Байденесова, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы:
– 2007 жылы ақылы қоғамдық негізде жұмыс жасап, мемлекеттік қызметке келдім. Бір жыл өткен соң жер қатынастары бөлімінде конкурс жарияланып, сол тұста аталған бөлімге жетекші маманның міндетін атқарушы болып орналастым. Сосын 2010 жылы кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне бас маман болдым. Міне, қазір осы саланың қыр-сырын үйреніп, еңбек етіп келе жатқаныма 12 жыл толды.
Мен мұнда кәсіпкерлік субьектілеріне бағыт-бағдар беріп, мемлекет тарапынан қандай қолдау бар екенін түсіндіремін. Әрбір кәсіпкермен жұмыс жасап, оның дамуы үшін жол сілтеймін. Яғни, жаңадан бастағалы жатқан кәсіпкердің жобасы аудан дамуына қандай қолдау көрсете алатынына тоқталып, өз кеңесімді ұсынамын. Сондай-ақ жолдары мен шарттарына түсініктеме беріп өтемін. Жеңілдіктерді де қоса айтып, сол арқылы тезірек дамуына ықпал жасаймыз.
«Жаңа Қазақстан» деп жатырмыз ғой. Оның ішінде «ондағы мемлекеттік қызметкер қандай болуы қажет?» деп ойланамыз. Пайымдауымша, әрбір мемлекеттік қызметкер жауапкершілікті сезініп, өз жұмысына жанашырлықпен қарауы керек. Ізденісті тоқтатпай, еңбектенген үстіне еңбектенуі шарт. Мәселен, әрбір кәсіпкерге көмек көрсетер тұста қаншама уақытың кетіп жатады. Тіпті, түскі үзілістің өзін ұмытып, уақытпен санаспай қаламыз. Бірақ соңында бастаған шаруа нәтиже берсе, ол қиыншылықтың бәрі ұмытылады. Мейлі ол кей тұстарда кері әсерін тигізсе де жаның тынышталып қалады. Әрбір адамның айтқан алғысы мен үшін мәртебе. Сол арқылы ризық алып отырған жерімнің қадірін түсінемін. Меніңше, «Жаңа Қазақстандағы» мемлекеттік қызметкер дегеніміз осы. Жаратқан деніме саулық берсе, жұмысымды әрі қарай жандандырып, осы саланың даму жолында аянбай еңбек етемін.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ

25 маусым 2022 ж. 675 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031