Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жыл басынан бері 2000-ға жуық қоқыс орындары анықталды

Қазақстанда жыл басынан бері 2000-ға жуық қоқыс орындары анықталды

Рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын орындар тұрғындар мен мемлекеттік органдардың 60%-ының назарын аударып отырған проблемаға айналды.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері 2000-ға жуық қоқыс орындары анықталған.

«Бұл түйткілмен күресу үшін ІІМ және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қоқыс тастайтын жерлерді жою бойынша үшжақты іс-шаралар жоспары бекітілді. Соған сәйкес, Қазақстанның бірқатар өңірінде қалдықтарды заңсыз төгу орындарын анықтау бойынша рейдтер өтті. Мәселен, мамыр айында республика аумағында 31 рейд жасадық. Мұнда Атырау, Қызылорда, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарын, сондай-ақ Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларын қамтыдық», - деп жазды ведомстводан.

Нәтижесінде 150-ге жуық рұқсат етілмеген қоқыс орындары анықталған. 14 дерекке қатысты (бұл шамамен 88 қалдық нысаны) ӘҚБтК-нің 344-бабы бойынша 153 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды. 20-дан астам қалдықтар сол жерде жойылды.

Қоқыс тастайтын орындарды анықтау шаралары жалғасатын болады.
23 маусым 2022 ж. 403 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031