Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагер ұстаз алғашқы болып дауыс берді

Ардагер ұстаз алғашқы болып дауыс берді

№63 референдум учаскесі ресми түрде ашық деп жарияланған соң, дауыс берушілердің алғашқы легін бастап кент тұрғыны, көп жылдар бойы ағарту саласында қызмет еткен 82 жасқа қараған ардагер ұстаз Тасболат Ерғараев келді.

- Бүгін елімізде орын алып жатқан саяси реформаға өз үлесімді қоссам деген ниетпен, ертемен келіп Жаңа Қазақстан құру жолындағы таңдауымды жасадым.

Келешек жастардың қолында. Ел тарихындағы осындай саяси оқиғаның қатысушысы болғаныма, ел болашағы үшін жасалып жатқан реформаға өз даусым арқылы үлес қосқаныма қуаныштымын. Елеулі өзгерісті қалайтын, ел тағдырына алаңдайтын барлық азаматтарды, жастарды бүгінгі шарадан қалыс қалмауға шақырамын! - дейді ардагер ұстаз.


Осы орайда елден ерте тұрып, маңызды істен қапы қалмағаны үшін ардагер ұстаз Тасболат Ерғараевқа, алғашқы дауыс берушішілердің қатарынан табылған қазалылық кәсіпкер Мерей Есқожаевқа және өзге де тұрғындарға арнайы сыйлықтар тарту етілді.
#Референдум2022

05 маусым 2022 ж. 504 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды