Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда 73 жасттағы әжей 200 000-шы болып вакцина алды

Қазалыда 73 жасттағы әжей 200 000-шы болып вакцина алды

Қазалы ауданында облыс бойынша 200 000-шы тұрғын коронавирус індетіне қарсы вакцина алды. Ол – 73 жастағы Әйтеке би кентінің тұрғыны Ұрқия Тайпақ.

Вакцинаны ардагер ұстаз өзі тіркеуде тұрған Қазалы ауданаралық ауруханасына қарасты «Болат жолы» емханасында алды. Дәрігерлер оның қан қысымын өлшеп, қажетті процедуралардың барлығын жасады. Содан кейін барып өзінің келісімімен екпені екті.
– Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген жөн. Үйіңнен сыртқа шығуға қорқып отырғанша, вакцина қабылдап, еркін жүргінге не жетсін. Сондықтан барлық аудан тұрғындарын вакцина салдыруға шақырамын, – дейді Ұрқия әжей.
Ардагер ұстазға Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақыткүл Әлішева халық үшін маңызды шараға бей-жай қарамағаны үшін түрлі-түсті теледидарды сыйға тартты.
Аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев ардагер ұстаз Ұрқия Тайпақова алғысын айтып, ауданымыздағы әрбір тұрғын жұқпалы індетке қарсы вакцина алу қажеттігін жеткізді.
Қазалы ауданының баспасөз қызметі
17 шілде 2021 ж. 754 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 288

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031