Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық құндылық ұлықталды

Ұлттық құндылық ұлықталды

№93 орта мектебінде қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тіл мен тарих – ғасырлар куәсі атты» онкүндік өтті. Шараның мақсаты – білім берудің жаңа технологиялары және тың педагогикалық идеялар негізінде инновациялық білімді дамыту, ұлттың тілін, тарихын, мәдениетін құрметтейтін бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.
Гуманитарлық бірлестіктің мұғалімдері онкүн­діктің ашылуын сахналық қойылыммен бастады. Сан ғасырлық тарихты көрген Ғасыр ата, Айғаным, Әйгерім, Елизавета ІІ патшайым, Анна Каренина бейнелері сомдалып, атқарылатын шаралардың маңыздылығы айтылды. Таңертең сабаққа келген оқушылар мен мұғалімдерді көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып, сергіту сәтін өткізу он күн бойына дәстүрге айналды. Қоңырауда әр пән мұғалімі қызықты ойындар, тапсырмалар әкеліп, «Көңілді үзілістер» өткізді. Бұл оқушылардың уақытын қызықты өткізуге, пәнге деген қызығушылығын арттыруға, логикалық ойлауына әсер етті. Ұстаздар қауымы барлық іс-шараларды өткізуде функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастырып, ұлттық құндылықтарға негіздеді.
Атап айтсақ, тарих пәні мұғалімі Зибаш Тұрғанбаева оқушыларға бүгінде ұмытылып бара жатқан өнер технологиясын үйрету мақсатында «Киіз басу өнері – ұлттық мұра» атты шеберлік сыныбын көрсетті. Мектеп кітапханашысы Ә.Баймұратова «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында мұғалімдер арасында «Жақсы кітап – жақсы адамның әңгімесімен бірдей» тақырыбында көркем әдебиет оқудан сайыс өткізді.
Мектепішілік «Ұшқыр ой» дебат клубының жетекшісі Ұ.Тәуекелованың ұйымдастыруымен «Бұл палата жаһандану Қазақстанға кері әсерін тигізуде деп санайды» тақырыбында дебат ойыны өтті. Фракциялар өз аргументтерін дәлелді қорғап, жаһандану жағдайында елдігімізді сақтаудың жолын талқылады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Р.Рахмет 10-11-сынып оқушыларымен TEDx форматында «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!» атты көнференция өткізді. Оқушылар қоғамдағы мамандықтың рөлі, оны дұрыс таңдаудағы ойларымен бөлісіп, көрермендерді де ой бөлісуге шақырды. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.Бисенәлиеваның ұйымдастыруымен «Юные артисты» жас актерлардың қойылымы тамашаланды. Оқушылар Ч.Айтматовтың «Солдатенок», К.Паустовскийдің «Корзина с еловыми шишками» туындыларын сахналады.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Қ.Елемес «Funny English»атты сайыс, Г.Тәңірбергенова үштік одақ: ата-ана, оқушы, мұғалім қарым-қатынасын жақсарту мақсатында коучинг өткізді. Тарих пәнінің мұғалімі Н.Жұбаниязовтың ұйымдастырған «Миллион кімге бұйырады?» атты сайысы тартысты өтті.
Мектеп психологі М.Жолтаевтың мұғалімдермен өткізген тренингінде оқушыларды бағалаудағы қиындықтарды шешуге, адам бойында кездесетін стрес­тен арылу жолдарына негізделген жаттығулар жасалды. Өнерлі ұстаздар арасында «Екі жұлдыз» ән байқауы ұйымдастырылып, ұстаз болу үшін жан-жақты өнерлі болу керектігін тағы бір дәлелдей түсті.
Онкүндік барысында ұйымдастырылған ерекше жұмыс этноауылға саяхат жасау болды. Мұндағы мақсат – оқушыларға этнопедагогикалық білім беру. Ғылым мен техниканың дамыған заманында кейбір ұлттық құндылықтарымыздың сырт қалып жатқаны жасырын емес. Ата-бабаларымыздың пайдаланған заттары арқылы балаларға диірмен тарту, келі түю, қазанжаппай жасау, айран пісу, жент, құрт, ірімшік жасау жолдары, ет асып, күртік салу, ұршық иіру т.б секілді шеберлік сынып өткізілді. Ұлттық құндылықтарымыздың үлгісін көрсеткен этноауылдағы уақыттың өскелең ұрпаққа берер тағылымы мол.
Онкүндіктің жабылу салтанатында Ғасыр ата бейнесі қайта сомдалып, өткізілген іс-шаралардың нәтижесіне қорытынды жасалды. Кеште мектеп директоры С.Сансызбаевтың жетекшілігімен құрылған фольклорлық ансамбльдің сүйемелдеуімен күй тартылып, әндер шырқалды. Жас ұрпақты тілін, тарихын, салт-дәстүрін құрметтеуге бағытталған онкүндік өз деңгейінде өтіп, жоғары бағасын алды.
Ұлпан ТӘУЕКЕЛОВА

31 мамыр 2022 ж. 644 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031