Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқуға құштар оқытушылар

Оқуға құштар оқытушылар

№93 орта мектепте қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің «Тіл мен тарих – ғасырлар куәсі» атты онкүндігі өтті. Таңертең мұғалімдер оқушыларды қарсы алып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қызықты сұрақтарын қойып, тәттілер таратты. Үлкен үзілісте болған онкүндіктің ашылуында ұстаздар шағын қойылым көрсетті.
Онкүндіктің жоспарына сәйкес кітап­ханашы Әсем Баймұратованың ұйымдас­тыруымен «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында «Жақсы кітап – жақсы адамның әңгімесімен бірдей» тақырыбында ұстаздар арасында көркем әдебиет оқудан сайыс өтті.
Шара өнерлі оқушылар Қасым Арман, Нағашыбай Нұрай, Бақыт Тілеукелдің орындауындағы «Құпия кітап» әнімен ашылды.
Мұғалімдер екі топқа бөлініп, Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы бойынша ой-пікірлерін ортаға салды. Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Бірінші кезең «Кім жылдам?» деп аталды. Екінші кезеңде қатысушылар ұяшық таңдап, сұрақтарға жауап берді. Үшінші шарт бойынша «Сіз қалай ойлайсыз?» сұрағы төңірегінде шығарманы жан-жақты талқылап, соңғы кезеңде өзара пікір алмасты.
Нәтижесінде ұстаздардың жинаған бағалары жеке-жеке есептеліп, жеңімпаз анықталды. Орыс тілі пәні мұғалімі Аязбек Ерлан бірінші, информатика пәні мұғалімі Сарагүл Сырман екінші, математика пәні мұғалімі Қарлығаш Өмірзақова үшінші орынды иеленіп, сый-құрмет көрсетілді. П.Наурызбаева, С.Оңдабаева, К.Кәрібаева, Г.Жамбылова, Д.Абилов, К.Тәуекеловаларға ынталандыру сыйлықтары берілді.
– Ұстаздар өте белсенді дайындықпен қатысты. Өз ойларын пікірлерін ашық түрде айтты. Кітапхана – дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп-өркендеуі кітаппен тығыз байланысты.
Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы қажет. Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу керек. Кітап – адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Ол елді, жерді сүюге талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді. Кітаптан ақыл-кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Әдеби оқулық біздің рухани жан азығымыз. Баршаңызды кітаппен дос болуға шақырамын, – дейді шараны ұйымдастырушы кітапханашы Әсем Баймұратова.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

14 мамыр 2022 ж. 1 212 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031