Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзгерісті насихаттаушы топ өлкеге келді

Өзгерісті насихаттаушы топ өлкеге келді

Осы аптаның жексенбісінде мемлекет тарихындағы маңызды саяси науқан өтеді. Нақтырақ айтсақ, Қазақстан халқы алғаш рет Ата Заңдағы өзгеріс үшін таңдау жасап, мемлекеттің тұрақтылығы мен даму бағытына байланысты шешім қабылдайды. Қалай болғанда да, бұл ел Президенті уәде еткен Жаңа Қазақстанның алғашқы тарихи қадамы ретінде есте қалмақ. Осыған байланысты елдің мұңын мінберде көтеруі тиіс депутаттар реформаларды түсіндіруде алдыңғы шепте жүруі керек. Сол инерциямен кеше «AMANAT» партия­сының республикалық штаб мүшелері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл және Геннадий Шиповскихтің Қазалы ауданына іс сапары жалғасты.
Алғашқы ақпараттық-түсіндірме жұмысын республикалық штаб мүшесі Бақытбек Смағұл аудан жастарына жүргізуден бастады. Аудандық оқушылар үйінде өткен басқосуда жастарға алдағы референдум туралы ақпаратты жеткізу маңызды екендігі айтылып, негізгі түзетулер жөнінде сөз болды.
– 5 маусымда өтетін респуб­ликалық референдум – соңғы 27 жыл ішінде тұңғыш рет өткізілетін, тарихи мәні зор, ел өміріндегі маңызды оқиға. Ел Президенті айтқан ашық, естуші жаңа Қазақстанды құру сіз бен біздің қолымызда, ішкі тілегіміз де екенін ұмытпағанымыз абзал. Сондықтан ел келешегі саналатын жастар болашақ үшін саналы, тұлғалық таңдау жасауы, өз үлесін қосуы керек, – деді Б.Смағұл.
Жиында пікір алмасқан белсенді жастар жарқын болашақтың іргетасын қалайтын маңызды күнге бей-жай қарамай, референдумға барынша белсенді қатысатындықтарын атап өтті. Саяси ахуалға, үкіметтің алға қойған басым мақсат-бағыттары жайында көкейде жүрген сауалдарын жолдады.
Республикалық штабтың мүшесі Геннадий Шиповских ауданға сапарын Ақтан батыр ауылының тұрғындарымен кездесуден бастады. Сапар мақсатын депутат жергілікті тұрғындар арасында конституциялық түзетулер жобасын түсіндіру және референдумды қолдауға шақыру ретінде ұқтырды.
Ел аманатын арқалаған Геннадий Геннадиевич жиналғандарға жалпыхалықтық референдум өткізу­дің алғышарттарын, ұсынылған реформалардың ерекшеліктерін және маңызын қарапайым әрі ұғынықты тілмен әңгімелеп берді. Бірақ халық қалаулысын жүзбе-жүз көрген жұрт саяси өзгерістен бөлек, елді мекенді дамыту, ондағы түйіткілді мәселелер жайынан хабар берді. Сондай-ақ елдік істер жайы қос тарап пікіралмасуында талқыланды.
Айта кетейік, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық штаб мүшесі Ібайдулла Тілеп, Мінәжадин Өтеев, аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы, аудандық партия филиалы штабының төрағасы Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық мәс­лихат хатшысы Бақытжан Жарылқап ел астанасынан ат терлетіп кел­ген меймандармен бірге жүрді.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
31 мамыр 2022 ж. 370 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031