Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастарға жанашыр жандар көп

Жастарға жанашыр жандар көп

Қазалы футболы үлкен-кішісінен де мықты екеніне ешкім талас тудыра қоймас. Тарихы тереңде жатқан аудан футболының бүгінгі деңгейі тым биікте. Жылдан жылға қарқынды дамып келе жатқан спорттың бұл түрі өткен жылдан бері әуесқойлар футбол лигасын жергілікті жерде тұрақты өткізіп тұруға мүмкіндік алды. Яғни әрбір команда қатысу үшін жарна төлеп, жарысқа қатысады. Осылайша дода жеңімпазы ҚР Чемпионатына тікелей жолдама алады.
Бүгінгі күні «Жаз – 2022» жазғы маусымы басталып, «Жалаңтөс Баһадүр» атындағы орталық стадионда сенбі және жексенбі күндері тұрақты өтуде. Ал қысқы ойындар спортзалда болады. Екеуінің мақсаты бір болғанымен ережесі әртүрлі.
Осы ретте аталған лигаға қолдау көрсетіп жатқан кәсіпкерлер бар екенін жасырып қалуға болмас. Өйткені сондай жандардың арқасында әуесқойлар лигасы дамып, жоғары жетістікке жетуде. Атап айтсақ, «Көркем» жарнама агенттігі, «Maki Maki», «Sushi zoom», «Tamshy Su», «Nursik aksessuar», «Сыр маржаны» секілді біршама кәсіпкерлер тұрақты қолдауын аямай келеді. Мұны олардың аудан жастарына деген жанашырлығы деп білеміз.
– Ойынның жоғары деңгейде өтуіне демеушілердің көмегі ауадай қажет. Ал мұндай қол ұшын соза білетін азаматтар ауданда жоқ емес. Олар аяқдопшылардың ішетін суынан бастап, қажетті заттарға дейін алып берді. Тіпті қорытынды кештің жақсы өтуіне аянып қалмайды. Мұндай азаматтарға аудан аяқдопшылары алғыс білдіреміз, – дейді ұйымдастырушылар. Ел ішіндегі жанашыр жандар көмек көрсетуін тоқтатпай келеді-ау. Алайда жарысқа қажетті заттар үшін бұл аздық етеді. Мәселен, уақытты кері шегерсек, Өткен «Қыс 2021-2022» лигасын тамашалау үшін әр аптаның жексенбісінде Қ.Пірімов көшесінде орналасқан «спорт кешені» көрерменге толатын. Мұны сондағы көзі қарақты көрермен жақсы біледі. Ал келіп, орын таппай кеткендері ойынды “You Tube“ желісіндегі арнайы парақшадан тамашалайтын. Осы тұста әр ойынды қалдырмай көретін тұрғындар тарапынан «You Tube» арнасының көрсетпей, дауысы шықпай қалатыны жиі айтылатын. Себебі осы кезге дейін ойынды Мұқағали Сансызбаев бауырымыз өзінің қалта телефонына түсіріп келді. Ал бірнеше сағатқа созылған видео сапасын жоғалтып, көрерменнің тікелей көрсетілімге деген қызығушылығын жоғалтты.
Халық арасында бұқаралық спорттың дамуына, жастарды қолдауға үнемі белсенділік танытып жүрген азаматтар бар. Осы тұста аудандағы 100-ден асатын аяқдопшылардың ел ағаларына бір тілегі бар. Ол әуесқойлар лигасына кәсіпқой камераның қажет екені.
Осы ретте халық алғысына бөленіп, жастар жанашыры бола білген кәсіпкер ағаларымыз қолдау көрсетсе нұр үстіне нұр болар еді. Одан бөлек аудандағы жастар жетекшісінің осы мәселенің оң шешім табуы үшін көмегі қажет. Егер аталған түйткіл жауабын табатын болса, спортшы жастардың алғысына бөленіп қана қоймай, бұқаралық спорттың дамуына үлкен қолдау болар еді.

Абзал ЖОЛТЕРЕК
28 мамыр 2022 ж. 297 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 76

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930