Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Баба рухына арналған аста бәйге тігілді

Баба рухына арналған аста бәйге тігілді

Аймақта тасаттықтан бастап, кешегі Кедей би мен Ақназар әулиенің рухына берілген астың деңгейіне дейінгі көлемді шаралар ағайынның ауызбіршілігінсіз жүзеге аспас еді. Оның үстіне қазақылықтың қаймағы бұзылмаған, ата-баба рухына тағзым етуді азаматтық парызы санайтын қазалылықтардың тарих пен алқалы жиын, Алла жолындағы асқа деген пейілі ерекше. Содан кейін де мұндағы жетіге толған жеткіншектің өзі жеті атасын жатқа айтып, шежіресінен сыр шертіп отыра береді. Астың аясында өткен республикалық конференцияда аудан әкімі Мұхтар Оразбаев осы жайтқа тоқталып, елдің ауызбіршілігін арттыратын рухани шаралар әрқашан қолдау табуы тиіс екенін тілген тиек етті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында «бостандық бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысты. Талай зұлмат замандар мен нәубеттерді бастан өткерді. Осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпақтан ұрпаққа берілуге тиіс» деген болатын. Сонымен қатар, президиентіміз біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш етудің мәні зор екенін, осы мақсатта еңбек етіп жүрген ғалымдар мен жазушыларды қолдау қажеттігін тілге тиек етті.

17-18 ғасырларда өмір сүрген қазақтың көрнекті билерінің бірі Кедей би Жәнібекұлы мен заманында халықты руханиятпен сусындатқан, мыңдаған шәкірт тәрбиелеген Мағзаман, Ақназар әулиелерді ұлықтауға арналған «Тұлға. Тарих. Тағылым» атты ғылыми-танымдық конференция осы мақсаттың үдесінен шығады.
Президент айтқандай, бұл – тарихи сананы жаңғыртуға тамшыдай болса да үлес қосатын мағыналы басқосу. Шынында біз ерен ерлігімен, еңбегімен халқымызды қиындықтардан сүріндірмей алып шыққан Кедей би, Ақназар әулие сынды тұлғаларды ұрпаққа дәріптеуіміз керек. Бұл бағытта зиялы қауыммен, ғалымдармен, руханият, тарих жанашырларымен бірлесіп сүбелі істер атқарамыз деп ойлаймын, – деген еді.

Ата рухына ас беру – тек рухани шара ғана емес, қоғамды салауатты өмір салтын ұстануға, ұлттық спортты ұлықтауға шақыратын үрдіске айналып үлгерді. Шөмекей аталығына берілген аста спорттың бірнеше түрінен сайыс өтіп, жүлдесіне қомақты қаржы тігілгенін айттық. Бәрінен бұрын делебесі қозып, ай-хайға басқан жұртқа бәйгеден асқан бәсеке болмады. Көлік үстіне жармаса мінген көрермен тамаша тартыстың, жануар жүйріктігінің куәсі болды. Атжарыстан Нұрлан Қанат бейнетаспасына басып алған репортажды назарларыңызға ұсынамыз.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
26 мамыр 2022 ж. 423 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031