Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Азаттық – алтын қазынам

Азаттық – алтын қазынам

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Қазақстанның өсу және қалыптасу кезеңі түгел қамтылған.
Бүкіл әлем аумақтық тұтастықтың халықаралық шарттармен бекітілгенін Мемлекет басшысының өз аузынан естіді. Мақалада Каспий конвенциясы туралы да айтылған. Каспий теңізінің Каспий жағалауында орналасқан мемлекеттер арасында бөлінуіне қатысты ұзаққа созылған даулы мәселе де оңтайлы шешілді. Мүддемізді қорғау тұрғысынан қарағанда бұл мемлекетіміздің үлкен жеңісі деуге болады.
Бостандық бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысты. Талай зұлмат замандар мен нәубеттерді бастан өткерді. Осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпақтан ұрпаққа берілуге тиіс.
Шынтуайтында Тәуелсіздік – халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылдық. «Атамекеніміз Қазақстан туралы айтарымыз да, мақтанарымыз да көп. Ендігі жеңіс те, ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен ел – Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын, абыройын асыратын білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақ жұмыла еңбек етуге тиіспіз.

Сейілхан АРТЫҚБАЕВ,
теміржол ауруханасының бас дәрігері
09 қаңтар 2021 ж. 2 757 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 123

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 124

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 84

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 95

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031