Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Қазалы” – республикалық сыйлық лауреаты

“Қазалы” – республикалық сыйлық лауреаты

Қайырымдылық – қазақ халқының қанына сіңген керемет қасиеттерінің бірі. Ал қазіргі таңда оны жасау, насихаттау екінің бірінің қолынан кей жағдайда келе бермейтіні де айқын. Осы мақсатта Елбасы қоры мен Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы жыл сайын республикалық «Қайырымдылық керуені» атты конкурс өткізуді қолға алған.
Биыл IV рет өткен бұл конкурстың ақтық мәресі Түркістан қаласында қорытындыланды.
Шараны Н.Назарбаев фондының директорының орынбасары Әлкей Марғұлан ашып:
– «Қайырымдылық керуенін» биыл елімізде төртінші рет өткізілу қолға алынып отыр. Мұның мән-мағынасы, тәлім-тәрбиесі өте зор. Біз бейбіт күннің батырларын, асқан ерік-жігер иелерін, қайырымды жандарды, еріктілер мен қайырымдылық істерін насихаттауға үлес қосқан жандарды таңдап алып марапаттаймыз.
Аталмыш республикалық байқауға еліміз бойынша 1033 өтінім келіп түсті. Әрине олардың барлығын іріктеп алу оңайға соққан жоқ. Мұның ішінде түрлі ерліктер жасаған жандар, мүгедектер арбасына таңылса да өмірден өз орнын тапқан, көпке көмегін аямаған қаншама кісілер болды. Шараның қазақтың рухани астанасы Түркістан қаласында өткізілуі де тегіннен-тегін емес. Барша жеңімпаздарға қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамын, – деді.
Биыл аталмыш IV республикалық «Қайырымдылық керуені» байқауы «Асар», «Туған жер», «Батыл жүрек», «Мейірім жолында»,
«Қайырымдылық тарихы», «Бала жүрегі», «Жануарға мейірім» сынды 7 аталым бойынша табысталды.
Судан, оттан, жанып жатқан көліктен адам құтқарған жандар, мыңдаған отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз еткен кісілер жоғарыдағы номинацияларды иеленді.
Соның ішінде Қазалы ауданының айнасы саналатын «Сыр медиа» ЖШС-не қарасты «Қазалы» газеті аудан, облыс көлеміндегі түрлі қайырымдылық шараларын жан-жақты насихаттағаны үшін республикалық конкурстың «Қайырымдылық тарихы» номинациясы бойынша лауреат атанды. Аталмыш байқаудың Құрмет грамотасы басылымның бас редакторы Есет Табынбаевқа табысталды.
Бұл жалғыз аудан басылымының ғана емес, жүрегі жомарт, қолы ашық, қамқорлық пен қайырымдылық істерден қалыс қалмайтын барша қазалылықтардың жеңісі екені сөзсіз.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат

24 мамыр 2022 ж. 580 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 109

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 186

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 152

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 133

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 148

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930