Олжас Сүлейменов партия құратынын мәлімдеді
Ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов баспасөз конференциясында «Қазақстанның Халық Конгресі» партиясының қайта құрылғаны туралы хабарлады. Жақын арада бастамашыл топ тіркеуді бастау үшін құжаттарды Әділет министрлігіне жібереді.Еске салайық, бұған дейін партия басшылары негізгі бағдарламалық міндеттерін айтқан болатын:
2) Қазақстанның әрбір азаматы үшін Қазақстан аумағында өндірілетін мұнайды, газды, алтынды, мысты, алюминийді және басқа да пайдалы қазбаларды сатудан мемлекеттік аударымдар үшін дербес банктік шот ашу;
3) Қазақстан Республикасының барлық кәмелетке толған азаматтарын мемлекет есебінен тегін кепілдікті тұрғын үймен қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының барлық азаматтары үшін тегін мектепке дейінгі, кәсіптік және жоғары білім беруді белгілеу бөлігінде ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу;
5) ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысуға шешім қабылдайтын Қазақстанның әрбір азаматына жеке меншікке жер телімін тегін бөлуді қамтамасыз ету.
#партия #Олжас Сүлейменов













