Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл 92 бала көлік астына түскен

Биыл 92 бала көлік астына түскен

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев елімізде әрбір бесінші жол апатынан кәмелетке толмаған бала зардап шегетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жыл сайын жол апатынан 200-ге жуық бала көз жұмып, 3 мыңнан астамы әртүрлі дене жарақатын алады. Өткен жылдан бастап мектеп оқушыларына жолда қауіпсіз жүріп-тұруды түсіндіру сабақтары өткізілген жоқ. Бұл қазірдің өзінде жалпы жағдайға кері әсер етіп отыр», деді Жандос Мұратәлиев ведомствода өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Оның айтуынша, жол-көлік оқиғасынан зардап шегетін балалардың басым бөлігі көлік ішінде болады.
«Көп жағдайда ересектер көлікте тасымалдау ережесін сақтамай, яғни балаларды арнайы құралсыз немесе белбеумен бекітпей тасымалдайды. Сонымен қатар жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі - жол белгісі жоқ жерден кесіп өту немесе бағдаршамның қызыл түсін елемеу. Жыл басынан бері ел аумағында 92 кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кету дерегі тіркелді. Оның ішінде 5 бала қаза тауып, 97-сі жарақат алған», дейді ол.
23 мамыр 2022 ж. 692 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 172

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031