Жыл басынан бері жол апатынан 1017 адам опат болды
Қазақстанда жыл басынан бері жол апатынан 1 017 адам қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов арнайы брифингіде айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның айтуынша, елімізде 2021 жылы 7 180 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 9 533 адам түрлі дене жарақатын алса, 1 017 адам қайтыс болған.
Сондай-ақ, биылғы жеті айда жол ережесін бұзудың 4 миллионға жуық жағдайы анықталды. Оның ішінде 1,4 млн жылдамдық асыру фактісі тіркелді.
Жыл басынан бері Қазақстан жолдарында 7 180 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 1 017 адам қаза болды, 9 533 адам түрлі дене жарақатын алды. Жолдағы қауіпсіздіктің айқындаушы факторы ретінде бұрынғысынша жүргізушілердің тәртібі қарастырылып отыр. Биылғы 7 айда жол ережесін бұзудың 4 миллионға жуық жағдайы анықталды, - деді Түсіпов.
Белгілі болғандай, осы жылы жол белгілері талаптары мен таңбаларды елемеудің 1 мыңға жуық оқиғасы анықталды. Бұдан басқа, 13 мыңнан астам жүргізуші автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталған.