Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдегі бетон жолдарға асфальт төселеді

Елдегі бетон жолдарға асфальт төселеді

Қазақстанда кейінгі он жылда салынған бетон жолдар біртіндеп бүліне бастады. Kolesa.kz редакциясына ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті хабарлағандай, жол жазда күн, қыста көктайғақтан сақтану үшін төгілген тұз әсерінен тез тозады.

Жаңа Қапшағай жолы салынып жатқан кезде, 2014 жылы алған сұхбатымызда, құрылысшылар жолды 25 жылға дейін пайдалануға болатынын және оның қоршаған орта әсеріне төзімді екенін айтқан. Бірақ ең заманауи технология қолданып, шетел мамандарының көмегіне жүгінсе де жол сапасы мінсіз болған жоқ.
Осыдан алты жыл бұрын жол жөндеушілер Түркістан облысындағы Қазығұрт асуында бетон үстіне жаңа үлгідегі полимерлі асфальт төсеген. Мұндай жабынның пайдалы екені анықталды, бірнеше жылдан бері орнынан жылжыған жоқ. Ал былтыр Қапшағай тас жолының бір бөлігіне асфальт төселді, енді елдегі барлық бетон жолды осы әдіспен қорғау жоспарланып отыр.
Алдағы бірнеше жылда қаражат бөлініп, «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» тас жолының 1079 шақырымына, «Алматы — Қонаев» тас жолының жүз шақырымына және машиналар жалаң бетон үстімен жүретін өзге жолдарға қалыңдығы 2-3 сантиметр болатын полимерлі ұсақ түйіршікті асфальт төселеді. Биыл Түркістан және Жамбыл облысындағы жол бөліктерінде жұмыс басталады.
ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті бұл тәжірибе бүкіл әлемде кеңінен қолданылатынын айтады. Бетон қабат жолдың бүлінбеуіне негіз болады, ал оның үстіне төселген асфальт қорғаныс қызметін атқарып, қауіпсіздікке оң әсер етеді.
18 мамыр 2022 ж. 616 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031