Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «AMANAT» партиясы Конституцияда болатын өзгерістерді талқылады

«AMANAT» партиясы Конституцияда болатын өзгерістерді талқылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 мамырда Конституцияға өзгеріс енгізу туралы республикалық референдум өткізу жөніндегі жарлыққа қол қойды. Референдум 5 маусымға белгіленген болатын. Осыған орай «AMANAT» партиясы елде болатын өзгерістерді талқылауға зиялы қауым өкілдерін жинап отырыс өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жиында Конституцияда болатын өзгерістер айтылып, халық арасындағы өзекті мәселелер талқыланды. Конституциядағы 98 баптың 33 өзгереді деп күтілуде.

Жиын барысында «AMANAT» партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек алда өтетін референдумға орай партия жанынан құрылған штабтың атқарып жатқан жұмысына тоқталды.

«Бүгін өтіп жатқан шараның негізгі мақсаты – ел дамуындағы жаңа қадамдар бойынша кеңесу. Референдумға орай «AMANAT» партиясы жанынан қоғамдық штаб құрылды. Қоғамдық штабтың басшысы ретінде партия төрағасы Ерлан Қошанов бекітілді. Сенат және Мәжіліс депутаттарымен бірлесе отырып, аймақтарға шығатын біздің депутаттарымыз, республикалық штабтың мүшелері 17 аймақта насихат жүргізіп, халықпен кездесетін болады. Барған жерде елдің аманатын тыңдап, сараптап басшылыққа жеткізіп отыратын боламыз. Енді заңды шығару толық Мәжіліс құрамын өтетін болады яғни, Сенаттың өзіне келісемін немесе келіспеймін деген ғана құқық қалады», - дейді Дәулет Кәрібек.

Референдум барысында талқылануға тұрарлық бірнеше мәселелерді атаған Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова заң шығару барысында халықпен толық санасу керектігін айтты.

«Жер қойнауы, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, табиғи ресурстар халыққа тиесілі деген сөз бар бірақ, мемлекет халық атынан иелігін жүргізуге құқылы деп заңда жазылған. Бұл да талқылауға тұратын мәселе. Көбіне бізде ел тағдырын шешетін мәселелер тар ауқымда ғана шешіледі. Заң дайындау барысында министрліктердің халықпен дұрыс сөйлеспеуі, құлақ аспауы негізінде халық арасында түрлі дау, келіспеушілік туады. Сондықтан осындай мәселелерді шешу барсына халық қатысып, хабардар болу керек. Қарапайым жұртшылық референдумның ашық өтетініне толықтай сенімді болуы керек», - деді Айгүл Қапбарова.

Одан бөлек жиынған қатысқан бір топ зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар Ата заңымызда болатын өзгерістер туралы өз пікірлерін айтып, ел ішіндегі өзге де өзекті мәселелерді талқыға салды.
11 мамыр 2022 ж. 611 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930