Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, шаңды дауыл соғады

Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, шаңды дауыл соғады

Республиканың батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынды болады. "Қазгидромет" орталығы 10 мамырға арналған ауа райы боджамын жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.
Күндіз Алматы облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында күн күркіреп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнап, облыстың батысында тұман түсуі ықтимал. Облыстың оңтүстігі мен солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады.
Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады. Облыстың оңтүстігінде және батысында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында күн күркіреп, бұршақ жауады. Өңірдің оңтүстігінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Облыстың таулы аудандарында бұршақ жауып, солтүстігінде шаңды дауыл соғуы ықтимал. Облыстың басым бөлігінде жел секундына 17-22 метрге жетеді.

Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Өңірдің батысында, орталығы мен шығысында жел екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.
Күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында жел секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығы мен шығысында күн күркірейді.

Күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Облыста шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарда жел секундына 15-20 метрге күшейеді.
Түнде Қостанай облысының басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ақтөбе облысының оңтүстігінде күн күркіреп, облыстың орталығы мен оңтүстігінде жел екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді.
11 мамыр 2022 ж. 392 0

Менің әжем

21 мамыр 2025 ж. 595

Ешқашан өшпейтін шежіре

21 мамыр 2025 ж. 1 037

Бала көңілдің бағбаны

21 мамыр 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031