Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Қазгидромет": Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

"Қазгидромет": Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Қазақстанның оңтүстік-батыстында – шаңды дауыл соғып, оңтүстік өңірлерде бұршақ жаууы ықтимал. Синоптиктер 25 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.
Маңғыстау облысының оңтүстігі мен батысында шаңды дауыл соғып, жел секундына 15-20 метрге күшейеді. Ақмола облысының оңтүстігінде тұман түсіп, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысы мен таулы өңірлерінде найзағай соғып, бұршақ жауады. Дауыл көтеріліп, жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге күшейеді. Солтүстікте, батыста және таулы аймақтарда, Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Дауыл соғып, жел секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсіп, облыстың оңтүстігінде жел екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді. Түнде Қызылорда облысының орталығында жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысы мен Атырау облысының батысында тұман түсуі ықтимал.
Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында бұршақ жауып, дауыл соғады. Облыста желдің күші секундына 17-22 метрге жетеді. Күндіз Қарғанды облысының оңтүстігінде найзағай соғуы ықтимал. Облыстың оңтүстігінде жел екпіні секундына 25 метрге күшейеді.
25 сәуір 2022 ж. 819 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031