Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде пайдалануға берілген нысандар саны азайды

Елімізде пайдалануға берілген нысандар саны азайды

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында республикада 8668 нысан пайдалануға берілді. Бір жыл бұрын 9500 нысан салынса, 2019 және 2020 жылдың алғашқы үш айында 10 мың нысан құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазіргі көрсеткіш 2014 жылдан бергі көрсеткішпен салыстырғанда ең төмен болып есептеледі. Бұл ретте құрылыс динамикасы пайдалануға берілген барлық объектілердің жалпы санынан 90-95%-ын құрайтын салынған тұрғын үйлер көлемімен анықталады. Бұл ретте баспана бойынша көрсеткіш төмендеді. Былтырғы жылдың қаңтар-наурыз айларында 9 044 тұрғын үй салынса, биылғы жылдың аталған кезеңінде7 764 нысан бой көтерген. Бұл да соңғы 8 жылдағы ең төменгі көрсеткіш.
Осы орайда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 2,8 млн шаршы метрден асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,2 пайызға артық. Пайдалы ауданы 2,44 млн шаршы метрді құрады (-0,8%). Пайдалануға берілген пәтерлердің жалпы саны 23330 (-1,4%).
Бұл салынған пәтерлердің орташа ауданы өскенін көрсетеді. Егер 2021 жылы бұл көрсеткіш 103,9 шаршы метр болса, биыл оның көлемі 105 шаршы метрге тең.
18 сәуір 2022 ж. 571 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 120

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 124

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930