Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл жайылымдық жерлерге жылдағыдан көп су босатылды

Биыл жайылымдық жерлерге жылдағыдан көп су босатылды

Бұл шөптің шығымдылығына әсер етуге тиіс. Жыл сайын сәуір айының алғашқы күндері Қ.Сәтбаев атындағы су арнасынан Шідерті-Өлеңті аймағына миллиондаған текше метр су жіберіледі. Бұл - экологиялық тепе-теңдікті сақтау, көлдерді толтыру бағытында жасалатын маңызды шаралардың бірі, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Алайда өткен жылы су арнасынан тек 80 млн текше метр су босатылды. Соның салдарынан бірнеше ауылдық аймақтардағы шабындық жерлерде шөп шығымы көңілден шықпады. Сондықтан шаруалар дабыл қағып, биыл су босату көлемін көбейтуді сұрады. Сөйтіп, биыл 120 млн текше метр су жіберілетін болды. Оның алғашқы 85 млн текше метрі №112 су жіберу құрылғысынан Шідертінің суармалы алқабына су босатылды. Жергілікті жер қойнауын пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары басқармасының басшысы Әйгерім Қабылтаева биылғы су жіберу науқаны қиындықсық өтуі тиіс деп пайымдайды. "№112 су жіберу құрылғысымен қатар, №108 құрылғыдан 30 млн, №109 орыннан 5 млн текше метр су босатылады. Бұл көлем Екібастұз қаласы мен Ақтоғай ауданына қарасты бірнеше елді мекен аумағындағы 21 мың гектардан астам шабындық жерге жайылуы керек", - деді Әйгерім Қабылтаева. Қ.Сәтбаев атындағы арнадан су босату ісі бір жолға қойылғанмен, арнаның материалдық-техникалық базасы тозып тұр. Арна басшысының кеңесшісі Леонид Баталовтың айтуынша, қайта жаңғырту жұмыстарын жақын арада өткізген абзал. "Қ.Сәтбаев атындағы су арнасы 1965 жылы іске қосылған болатын. Арада жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, содан бері күрделі жөндеу мен жаңарту жұмыст ары жүргізілген жоқ. Қазір ғимараттар, орнатылған құрал-жабдықтар әбден ескірді. Сондықтан жаңғырту жұмыстарын жүргізетін кез келді", - дейді Леонид Баталов. Алайда әзірше мұндай шаралар кәсіпорынның басшылығының да, құзырлы органдардың да жоспарында жоқ.

11 сәуір 2022 ж. 282 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031