Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр өңірінде күріш алқабы тағы 4500 гектарға қысқартылуы мүмкін

Сыр өңірінде күріш алқабы тағы 4500 гектарға қысқартылуы мүмкін

Мамандар диқандардың былтырғыдай шығынға ұшырауының жолын ұсынды.
Биыл күріштік көлемі 5000 гектарға қысқарғаны белгілі. Шаруалар шығынға ұшырамас үшін мамандар тағы 4500 гектарға қысқартуы мүмкін. Оның орнына суды аз қажет ететін дақылдар егуге басымдық берілмек. Қазір Сырдарияның деңгейі едәуір түсіп кетті. Бүгінгі күнге Шардара қоймасындағы су көлемі 4500 миллиард текшеметрді құрайды. Сырдария өзенінің төменгі ағысына Шардара мен Көксарайды қосқанда шамамен секундына 495 текшеметр су келіп түсуде. «Шардарадан 250 текше метр, Көксарайдан 380 текше метр тасталуда. Қазіргі уақытта Қызылорда облысының шегіне бүгінгі күнге шамамен 495-496 текше метр су келіп жатыр. Қызылорда су торабына дейін осы судың 311 текше метрі каналдар арқылы аудандарға таралып жатыр», - деді Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы Сейілбек Нұрымбетов. Көршілес елдерде суға сұраныс артқан сайын Сырдария таяздана түсетіні белгілі. Әсіресе маусымдық кезеңде дариядағы су деңгейінің төмендегені шаруалардың басты уайымына айналып отыр. Несін жасырайық, асау мінез танытып арнасынан асатын Сырдарияның бүгінгі жағдайы мәз емес. Ал мамандар бұл 7-8 жылда бір қайталанатын құбылыс дейді. «Егер судың жағдайы бұдан әрі қарай жақсармайтын болса аудандардағы шаруашылықтарға осы бастан ескертіп жатырмыз. Қосымша әр канал бойынша тағы да 4,5 гектардай күріш көлемін қысқарту қажет болып қалуы мүмкін. Мамандар қазір сараптап, ертең тағы аудандардың барлығына зерттеу жұмыстарын жүргізетін болады. Содан кейін судың деңгейіне қарай шешім қабылдаймыз», - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев. Жалпы биыл 188 мың гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдарын орналастыру межеленген. Тіршілік нәрінің жетіспеуіне байланысты суды аз қажет ететін дақылдардың егіс көлемі ұлғайтылуда.



18 мамыр 2021 ж. 422 0

Сенімі нық сарбаздар

07 мамыр 2024 ж. 10

Ел үмітін ер ақтар

07 мамыр 2024 ж. 28

Әскердегі әсерлі сәт

07 мамыр 2024 ж. 31

Алматтың айтқандары

06 мамыр 2024 ж. 64

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031