Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 100 орындық клубтың орны белгіленді

100 орындық клубтың орны белгіленді

Жақында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап Майдакөл ауылына барып, алдағы уақытта салынатын клубтың орнын көрді.
Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрбек Күзембаев жаңадан тұрғызылатын 100 орындық клубтың жоба-сметалық құжаттарын дайындауға қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілгенін айтты.
Қазіргі таңда жеңімпаз мекеме анықталып, тиісті жұмыстар басталып жатыр. Жоба-сметалық құжаттар дайындалған соң құрылыс жұмыстарын бастау үшін қаржыландыру көздері қарастырылатын болады.
Аудан басшысы Мұхтар Оразбаев ауылдық клуб салынатын жер оңтайлы жерден таңдалғанын тілге тиек етіп, ауылдық округ әкімі Нүркен Сералиевке тұрғындар мен қоғамдастық мүшелерінің келісімін алу қажеттігін жеткізді.
Сонымен қатар Мұхтар Әуесұлы көктемгі экологиялық мол суды алу үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, каналдар мен жайылымдықтарға су жіберуді тапсырды.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
09 сәуір 2022 ж. 495 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 121

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031