Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл 3 мыңнан астам азаматқа қандас мәртебесі берілді

Биыл 3 мыңнан астам азаматқа қандас мәртебесі берілді

Жыл басынан бері 3 мыңнан аса этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олардың басым бөлігі Өзбекстан, Қытай, Түрікменстан, Моңғолиядан көшіп келген. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 3 078 этникалық қазақ қандас мәртебесін алған. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 90,1 мың этникалық қазақ оралған.
«Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (66,3%) Өзбекстаннан, 11,3% – Қытайдан, 10,9% – Түрікменстаннан, 2,2% – Моңғолиядан және 9,3% басқа елдерден. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,2%), Маңғыстау (19%), Түркістан (11,4%) және Жамбыл (5,9%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (6,5%), Нұр-Сұлтан (7,1%) және Шымкент (7,6%) қалаларына қоныстанды», деп жазылған хабарламада.
Биыл 1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 62,7%, еңбекке қабілетті жастан кіші 23,2% және зейнеткерлер 14,1%. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,5% жоғары білімді, 39,6% орта кәсіби білімді, 47% жалпы орта білімді, 1,8% білімі жоқ.
05 сәуір 2022 ж. 391 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930