Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елге оралған қандастар көбінесе қай өңірге қоныстанатыны анықталды

Елге оралған қандастар көбінесе қай өңірге қоныстанатыны анықталды

2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 5 685 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бастап республикаға 1 млн 76,1 мың этникалық қазақ оралды.  
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (76,9%) Өзбекстаннан, 10,7%-ы ҚХР-дан, 5,4%-ы Түрікменстаннан, 2,9%-ы Моңғолиядан және 4%-ы  басқа елдерден келген.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (31%), Түркістан (15,8%), Маңғыстау (15,9%) және Жамбыл (7,8%) облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында (11,4%) қоныстанды.
Ағымдағы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны 57,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші адамдар 24,6%-ды және зейнеткерлер 18,2%-ды құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде білім деңгейі бойынша 11,1%-ының жоғары, 39,8%-ының арнайы орта, 45%-ының жалпы орта білімі бар және 4,1%-ының білімі жоқ. 
13 мамыр 2021 ж. 946 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 114

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 169

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031