Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сәуірдегі соғым

Сәуірдегі соғым

1-ші сәуірді көктемнің көңілді күндерінің бірі – күлкі күні деп жатады. Оны «ана елдің күні, мына елдің күні, қазаққа жайыз емес», – деп саясаттандырып жіберетініміз де бар.
Біздің бір аталарымыз қасында отырған адам басынан өткізген бір жәйді әңгімелеп жатырса, қоштай кетіп «е-е, ол өзі былай, бірде менде...», – деп өтірікті соғып жібереді екен. Тыңдап отырғандарды сендіретін көрінеді. Оның өтірік айтып отырғанын білетін аталарымыз кейін:
– Осы сенің не әдетің, я өзіңе пайдасы жоқ, я жұртқа пайдасы жоқ өтірігіңді айтпасаң не қылады десе, «айтайын демейсің-ау, машы келіп кетеді ғой», – дейді екен.
Сондай-ақ Елордада тұратын достарымыздың өткен жылғы бірінші сәуірдегі оқиғасы бүгін есіме түсіп отыр.
Бәкең деген досымыз өздерін ұйымдастырып, жақсы істердің бастамашысы болып жүретін Сәкеңнің ұялы телефонына звондайды.
– Сәке, осы біздің қыз-жігіттердің бәрінің телефон нөмірлері өзіңде бар ғой, хабарласшы, ана Мәкең бүгін екі тайлақ сояды екен. Екі тайлақтың етін өткізе қоюда оңай емес қой. Ет жемей тұрмаймыз, көмегіміз болсын соның бір тайлағын өзіміз бөліп алайық. Сен соны ұйымдастыр. Мен де айта берейін, – дейді.
Сәкең дереу жігіттерге хабарласа бастайды. Осылай да, осылай «әрі ет аламыз, әрі досымызға көмегіміз болады, тізімге бір жілік деп жазып қойдым», – дейді.
Біреулері «жақында ет алғанын айтып, біреуі тайлақтың бір жілігі ауырлау болады-ау» десе.
– Сөзді қой. Ет жемей отыра алмайсың. Осындайда көмектеспесек қайда көмектесеміз. Кімге ет алыңдар деп сауқат айтқызамыз. Бір жілік болмаса жарты жіліктен аласыңдар, – деп мойындарына қиып салып, тізімді толтырады.
Мұндайда елгезек Әдекең:
– Гүлеке, әлгі үлкен қап қайда? Екі тайлақты союда үлкен жұмыс. Мен ертерек барып көмектесейін, – деп келіншегіне ескертіп, таксилетіп қаланың ортасындағы Мәкеңнің үйіне келсе тым-тырыс.
– Әдеке, аманшылық па, ертелетіп неғып жүрсің, – деген Мәкеңе, ақ көңіл Әдекең:
– Малдар әлі келмеген бе? – деп сұрайтын көрінеді. Сөйткенше болмайды қаптарын алып тағы үш-төрт жігіт келеді.
Звондаған телефонын көтерген Мәкеңе хабарласқан жігіттер:
– Мәке оң болсын. Бара алмай жатырмын. Маған тиесілі жілікті барған жігіттерден беріп жіберерсің, – дейді.
Ештеңеге түсінбеген Мәкең Әдекеңе, Әдекең жігіттерге қарайды. Біреуі Сәкеңе хабарласады. Сәкең Бекең айтқанын айтады.
Содан Бекеңе хабарласса:
– Бірінші сәуірдің қуырдағын жеп жатырсыңдар ма?! Қызықсыңдар, ең болмаса біреуің қаланың ортасындағы Мәкеңе бір емес, екі тайлақ аяқ астынан қайдан пайда бола қалды деп ойланбайсыңдар ма? – деп күледі дейді.
«Іштен боқтаған, көп боқтайды» деп әуелі ренжіген достар, алданғандарына күлісіп алады. Мәкең мәрттік танытып:
– Қуырдақ жемесеңдер де құр қайтпаңар, – деп келіншегіне қазан астырады. Бекеңе хабарласып астан ауыз тиуге шақырса:
– Мәке, ренжіме бүгін аналардың қолына түспей-ақ қояйын. Ашуларын басқасын кездесермін, – депті.
Осындай зілсіз әзілдері жарасқан елордалық достарымның пейілдеріне еріксіз риза болдым. Әзілдерінің астарының өзінде досқа деген жанашырлық, көмек қолын созу деген ұғым жатқанын ұқтым.

Құдайберген Есекей,
Әйтеке би кенті
05 сәуір 2022 ж. 349 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031