Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әркім өз жүрегінде барды береді...

Әркім өз жүрегінде барды береді...

Ертеде Хасан мен Асан деген екі адам ғұмыр кешіпті. Базарда сауда жасап, отбасын асырап жүрген. Хасан алдына келген сатып алушыларға күлімдеп, хал жағдайларын сұрасып қызмет қылады екен.
Асан болса алсаң ал, алмасаң тұр дегендей қабақ шытып отырған. Соның кесірінен күнде саудасы аз, кірісі төмендеп, кешке үйіне ренжіп қайтатын. Ал Хасанның саудасы жақсы жүретін. Жұмыс аяқталғанда үйіне әрдайым көтеріңкі көңіл күйде келетін.
Бір күні Асан қасында көрші тұрған Хасанды қызғана бастайды. Өзіне аз, көршісіне көп пайда түсетіндігін көтере алмай қиналғандықтан қызғаныш бойын жаулап алады.
Бір күні жұмыс аяқталғанда қоқыстың кейбірін Хасанның дорбасына салып жіберді. Келесі күні де сөйтеді. Хасан оның бұл әрекетін көрсе де, көрмегендей кейіп танытып жүре береді.
Төртінші күні де Асан Хасанды боқтап, қарғап сілеп, дорбасына қалдықтарды салып, оған сол керек деп іштей өшін алғандай мәз болады. Сәлден соң затын салайын деп өзінің дорбасын ашса, ішінен иісі жұпар аңқыған көп гүлге көзі түседі.
Бұны кім салды екен деп ойланып, айналасына қарағаны сол еді қарсы тұрған бір адам Хасанның ісі ғой деп қалады.
Ол лезде дорбасын арқалап, айналасындағыларға кеш берекетін тілеп бара жатқан Хасанға жетіп “Күнде сенің дорбаңа қоқыстарды салып жүрген мен едім, ал сен менің дорбама мына әдемі гүлдерді салып жіберіпсің, неге олай жасадың?” деп таңырқай сұрайды.
Хасан: “Әркім өз жүрегінде не бар, соны салады ғой Асан досым” деп күлімдеп кете барады...
Пендешілік жүрегін қарайтып жіберген Асанның көзінен сол сәтте үш-төрт тамшы жас мөлт-мөлт етіп, жерге қарай түседі...

Амандық ЕСҚАЛИ
23 қараша 2021 ж. 567 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 129

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031