Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жоспар көп, үміт зор

Жоспар көп, үміт зор

«Қалаға көгілдір отын келеді» деген жағымды жаңалықтың тарағанына да біраз уақыт болды. Бұны алғашында қала халқы сенімсіздікпен қабылдағаны рас. Алайда әр көшенің бойында арнайы трубалар тұрғызылып, жер астымен құбырлар жүргізіле бастағанда «әй, қайдам-ау» дескен алаң көңілге үміт ұялады. Бүгінде газ желісін тарту жұмыстары аяқталуға жақын. Тіпті көбі кетіп, азы қалды.
Қазалы қаласын газдандыру жұмыстарына жұмыссыз жүрген 16 азамат жолдама арқылы жұмыспен қабылданса, жалпы осы уақытқа дейін жұмыссыз жүрген 197 азамат жұмыспен қамтылған. Бұдан бөлек «Өткен жылы Қазалы қаласы бойынша 1 отбасына 7737 теңге тұрғын үй жәрдемақысы, 13 отбасынан 71 адамға 3 535,8 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленген. Сонымен қатар қаладағы 194 тұрмысы төмен, жалғызбасты және мүгедек азаматтарға 3 641,0 мың теңгеге қайырымдылық көмектері көрсетілді. Кәсіпкерлікті қолдау шаралары аясында «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негізінде 27 адамға жолдама беріліп, 25 адам оқуды тәмамдады.
2021 жылы мемлекеттік бағдарламалары аясында 70 адам қаржылай қолдау алып, кәсіптерін дамытуда», – деп көрсетілген қала әкімі Рахметулла Ізтілеудің өткен жылды қорытындылаған есептік баяндамасында.
Өткен жылы 101 азамат тұрақты, маусымдық және уақытша жұмысқа орналасқан. Жастар тәжірибесіне 6 жас маман, ақылы қоғамдық жұмысқа 90 азамат жіберілген.
Қазалы қаласы аумағында 2007-2021 жылдар аралығында тұрғын үй құрылысын салу үшін жер сұраған азаматтардың жалпы саны 1764 адам кезекте тұрған болатын. Оның ішінде осы өтініштер негізінде Қазалы ауданы әкімдігі жанындағы жер комиссиясының шешімімен барлығы 476 азаматқа Қазалы қаласы аумағынан жер табысталды.
Қазіргі таңда аталған жер учаскелеріне «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» департаментінің Қазалы аудандық бөлімшесі арқылы жерге орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта тағыда қалған 200-ге жуық тұрғынға жер табыстау жұмыстарын жүргізу үшін тиісті құжаттары аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімімен рәсімделуде.
Әкімнің айтуынша, қарқынды дамып келе жатқан қалада алдағы уақытта да атқарылар жұмыстар аз емес.
– Қала көшелерін қаржының көлеміне қарай жарықтандыруға жұмыстар жүргізіледі. Оңтүстік батыс беткейден шағын футбол алаңының құрылысын салуға қаржы бөлдіруге күш саламыз. Қаланың батыс аймағынан «Өрімтал» балабақшасының құрылысын салуға тиісті жұмыстар атқарылады. «Шағын және моноқалаларды дамыту және бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру» бағдарламасы аясында Қазалы қаласының 10,100 шақырымды құрайтын көшенің электр желілеріне қайта жаңғырту жобасының құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қаржыландыру мақсатында тиісті бюджетке ұсыныс беріп, өтінімдер тапсыруға және бұдан бөлек маңызды мәселелерді атқаруды көздеп отырмыз», – деп алда атқарылуға тиіс жоспарымен бөлісті Рахметулла Ізтілеу.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
29 наурыз 2022 ж. 354 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031