Әлеуметтік қызмет – мерейлі міндет
Аудан әкімдігінің баспасөз орталығында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Совет Бабанаев брифинг өткізді.
Бөлім басшысының мәлімдеуінше, 2020 жылдың тоғыз айында жинақталған мәліметтерге сәйкес 1685 аз қамтамасыз етілген тұрмысы төмен отбасылары мен мүгедектерге 11012,2 мың теңгеге қаржылай және азық-түлік, қатты отын беру көмегі көрсетілген. Сондай-ақ мерзімді баспасөзге жаздыру және кәсіпкерлердің демеушілігімен басқа да қайырымдылық шарасы жүргізілген.
Одан бөлек әлеуметтік төлем бойынша биылғы жылы атаулы әлеуметтік көмекке 371876,0 мың теңге қаржы бөлініп, үстіміздегі жылдың 9 айында атаулы әлеуметтік көмек 302 отбасының 1709 мүшесіне 73203,6 мың теңге төленді. Сонымен қатар 1 жастан 3 жасқа дейін – 385 балаға, 3 жастан 6 жасқа дейін 401, барлығы 786 балаға 14563,2 мың теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді. Оның ішінде аз қамтамасыз етілген тұрмысы төмен отбасылардың тұрғын үй көмегіне 18 отбасына 241,2 мың теңге берілген.
Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, осы сырқатпен емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға қосымша тамақтануға берілетін әлеуметтік көмекке 2020 жылдың 9 айында 144 азаматқа 20245,8 мың теңге тағайындалса, гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауырып, диспансерлік есепте тұрған балаларға дәрі-дәрмектер сатып алу үшін 118,8 мың теңге бөлінген.
Үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек 79 балаға 2396,4 мың теңге төленген. Сонымен қатар төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері бойынша 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға, І, ІІ, ІІІ, топтағы мүгедек балаларға және оны тәрбиелеп отырған жұмыссыздарға барлығы 5800 адамға 119807,4 мың теңге қаржы берілді.
Брифинг барысында Совет Бабанаев бұдан бөлек халықты әлеуметтік қорғау және әлсіз топтарға арналған әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру мәселелерін тілге тиек етті.
– Жекеленген санаттар үшін әлеуметтік көмек, нақтыласам Жеңістің 75 жылдығы мерекесіне орай біржолғы әлеуметтік көмектерге 2020 жылға 547 адамға 56810,4 мың теңге төленді. Оның арасында 3 Ұлы Отан соғысына қатысушылар, 1 Ұлы Отан соғысы жылдарында медаль алған, 484 тыл еңбеккерлері, 28 Ауған соғысы, 20 Чернобыль апатын жоюға қатысқандар, 6 Ядролық сынақтарға тікелей қатысқандар, 5 Ұлы Отан соғысы қатысушыларының жесірлері болды.
Сондай-ақ «Мүгедектерді жеке оңалту» бағдарламасына байланысты атқарылған жұмыс та аз емес. Мәселен, 2020 жылдың 9 айында Қызылорда қаласының «Талсуат» елді мекенінде орналасқан «Мүгедектерге арналған оңалту орталығына» жеке оңалту парағы бойынша жолдамамен 27 жан жіберілді.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтк бағдарламалар басқармасы арқылы үстіміздегі жылы мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына байланысты санаториялық емделуге Сарыағаш қаласының «Салма Караван», және Көкшетау қаласының «Алмаз» шипажайларына барлығы 86 жолдама бөлініп, қазіргі таңда 51 мүмкіндігі шектеулі жандар жолдамамен дем алуға жіберілді, – деді бөлім басшысы.
Жергілікті тұрғындарға берілетін көмек қатарынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жұмыс тізбегінің бар екенін естен шығармаған абзал. Онда «Инватакси» қызметіне 2020 жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға келісімшарт негізінде 2766,0 мың теңгеге, екі инватакси көлігімен тұрақты түрде мүмкіндігі шектеулі жандардан 2050 тапсырыс қабылданып, 2289,3 мың теңгенің қызметі көрсетілген.
Сонымен қатар жүріп-тұруы қиын І топтағы 158 мүгедекке 151 жеке көмекшінің қызметіне 63000,4 мың теңге төленді.
Айта кетейік, ымдау тілі маманының қызметіне осы жылы 4016,0 мың теңгеге келісімшарт жасалып, 8 естуі бойынша мүгедектерге 1 ымдау тілі маманының қызметіне есептік кезеңде 1914,4 мың теңге қаралған. Және «Шапағат» мүгедек балаларды сауықтыру орталығына арнайы қызмет көрсету бойынша республикалық бюджеттен 15922,0 мың теңге қаржы қаралып, есептік кезеңде 22 балаға 3178,0 мың теңгенің қызметі жасалды.
Қортындылай келе Совет Бабанаев қазіргі таңда «Әлеуметтік қызметтер порталымен» жұмыс жүргізу бойынша 52 мүгедектерден «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы өтініш қабылданып, тапсырысқа сәйкес аудандық пошта торабы арқылы барлығы 990,7 мың теңгеге гигиеналық құралы үйлеріне жеткізіліп, «Мүгедектерді оңалту бағдарламасына» сәйкес жеке оңалту парағы берілген 120 мүгедек балаға үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілгенін айтты.
А.БАҚЫТҰЛЫ