Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл Наурыз мейрамы қалай тойланады

Биыл Наурыз мейрамы қалай тойланады

Наурызда қазақстандықтар бірден бес күн демалады– 19, 20, 21, 22 және 23 наурыз. Елімізде 2022 жылы Наурыз мейрамына байланысты жалпыұлттық ауқымдағы негізгі іс-шаралар 21 наурызда мемлекет басшысының Қазақстан халқын құттықтауынан бастау алады. Бұл туралы мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сондай-ақ тазалық пен экологияға, мейірімділік пен қайырымдылыққа үндейтін іс-шаралар жоспарланған.
"Наурыз – тазалық пен экологияға қамқорлық мерекесі. Мереке қарсаңында бүкіл ел бойынша жаппай ағаш отырғызу және елді мекендер мен аулалардың аумағын тазарту бойынша "Таза табиғат" республикалық акциясы басталады. Ағаш отырғызу ауа райына қарай жүргізіледі, соған байланысты кей аймақта акцияны кейінірек ұйымдастыруға болады", - дейді вице-министр.
Сондай-ақ, биыл отбасыларда, білім беру ұйымдарында және еңбек ұжымдарында "Наурыз кәдесі", "Наурыз қоржын" сыйлықтарын тарту ету дәстүрін енгізіп, балалар аудиториясына басымдық беру көзделген.
"23 наурызда бүкіл ел бойынша "Қайырымды ұлт" ауқымды қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады, оның аясында балалар үйінің тәрбиеленушілері, мүмкіндігі шектеулі балалар мен қарттар үшін көшпелі концерттерді өткізу қарастырылған. Акцияға еріктілер, мәдениет өкілдері, меценаттар тартылады", - деді Нұрғиса Дәуешов.
Бүкіл өңір өзінің жоспарын әзірледі. Әрбір мәдени ошақтың өзінің жылдық жоспарында Наурыз мейрамына қатысты концерт, спектакльдері, қоғамдық шаралары бар. Өңірлер әкімдіктермен бірлесе іске асырады, деді вице-министр.
Брифингке қатысқан Түркістан облысының мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев және Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет басқармасының басшысының орынбасары Нұран Қамзиннің айтуынша, екі өңірде де мейрамды тойлауға қаржы бөлінбеген.
"2021 жылы Наурыз мейрамын тойлауға мемлекет тарапынан ақша бөлінген жоқ. Ол кезде демеушілер көмегімен қаланың сыртында, этноауылда тойланды. Биыл да облыс тарапынан да, қала тарапынан да бір де бір тиын Наурызды тойлауға бөлінген жоқ. Барлығына демеушілер бастамашы болып, іске асырылып жатыр", - деді Әзімхан Қойлыбаев.
Нұр-Сұлтан қаласында да жағдай дәл осындай. Ел астанасында Наурызды тойлауға қаражат бөлінбеген.
"Барлық іс-шара ведомствоға бағынысты ұйымдардың әртістері мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өтеді", - деді елорданың мәдениет басқармасының басшысының орынбасары.

Сондай-ақ 25 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен "Наурыз сыйлығы" ұлттық премиясы табысталады. Бұл премия былтырдан бері беріліп келеді.
"13 наурызға дейін онлайн түрде 8 аталым бойынша дауыс берілді. Ішінде "Үздік жыршы", "Үздік күйші", "Үздік тоқыма шебері" секілді аталымдар бар. Халықтың дауыс беруі арқылы жеңімпаздар анықталды. Салтанатты марапаттау шарасы 25 наурызда өтеді. Жеңімпаздарға диплом мен мүсінше беріледі", - деді Нұран Қамзин.
Айта кетері, биыл Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында аталып өтеді, 19 және 20 наурыз сенбі және жексенбі күндеріне сәйкес келіп тұр. Наурызда қазақстандықтар бірден бес күн демалады– 19, 20, 21, 22 және 23 наурыз.
18 наурыз 2022 ж. 654 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930