Елімізде «Асар» дәстүрі қайта жаңғырады
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында, ертеден келе жатқан «Асар» дәстүрін қайта жаңғырту қолға алынады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Наурыз балалар үшін басты мереке. Отбасы, білім беру ұйымдары мен еңбек ұжымдарында «Наурыз кәдесі», «Наурыз қоржын» (ұлттық нақыштағы ойыншықтар) сыйлықтарын тарту ету дәстүрін енгізе отырып, балалар аудиториясына ерекше мән беру көзделіп отыр», – дейді ол. Бұған дейін вице-министр елімізде Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасы әзірленгенін айтты.














