Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаңтар оқиғасында 11 аймақта агрессия жасалды

Қаңтар оқиғасында 11 аймақта агрессия жасалды

Қаңтар оқиғасы кезінде 11 аймақта агрессивті топтар зорлық-зомбылық сатысына өтті. Бұл туралы Парламент мәжілісінің жалпы отырысында Бас Прокурор Берік Асылов мәлімдеді.

«4 және 5 қаңтарда азаматтар жиыны агрессивті топқа айналып, 11 аймақта зорлық-зомбылық сатысына өтті. Ұйымдастырушылар айқын жоспармен әрекет етті. «Whats up» және «telegram» арқылы топтың жиналуы мен қозғалысын үйлестірді. Олар көп адамды жинап алып, арматура, таяқ, тас, «Молотов коктейлімен» қаруланды. Кейіннен топтың бір бөлігі дүкендерді қиратып, тонауға кірісті. Тонаудан кейін, қылмыстың ізін жасыру үшін, тіпті көппәтерлі үйлердің бірінші қабатындағы үй-жайларды өртеген.

Басқа қарулы топтар мақсатты түрде, әкімдіктердің, Президент резиденциясының, полицияның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимараттарына шабуыл жасап, басып алды. Алматыдағы әуежай мен басқа да нысандарды қиратты. Олар қоршауды қалай бұзу керектігін біліп, полицияға шабуыл жасады, атыс қаруын алу үшін, аңшы дүкендерін тонады. Телеэфирге шығуға тырысты, ол іске аспай қалған кезде, телекомпания кеңселерін тонап, өртеп жіберді», - деді Берік Асылов.
14 наурыз 2022 ж. 867 0

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 12

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 15

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 16

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031