Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алғыс айту күні атап өтілді

Алғыс айту күні атап өтілді

1 наурыз – Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін hәм тағдыр тоғыстырған, Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні. Қазалы қалалық мәдениет үйінде, бұл күні «Алғысымыз шексіз сіздерге» атты салтанатты мерекелік басқосу өтті.
Атаулы шарада аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тұрғындарды салтанатты мерекемен құттық­тады. Кешегі қиын заманда қазақ халқы тағдырдың жазуымен елге келген өзге ұлт өкілдеріне кең құшағын жайып, бауырына тартып, бір үзім нанымен бөлісті.
Мерекенің басты мақсатының бірі – өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қа­зақ­станда ұлтаралық келісім мен қарым-қатынасты нығайту болып саналады.
Осы туралы айтқан аудан басшысы бірқатар азаматтарға марапаттар мен сый-сияпаттар табыстады.
Салтанатты жиын одан әрі мерекелік бағдарламаға ұласып, театрландырылған әсем әндер шырқалды.

Серік АҚМЫРЗА

07 наурыз 2022 ж. 1 044 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031