Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 5 наурызға арналған ауа райы болжамы

5 наурызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер сенбі, яғни 5 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.
«Каспий теңізінің аудандарынан келген циклон ҚР барлық аумағына тұрақсыз ауа райы әкеледі, жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде), Оңтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын жауып, еліміздің оңтүстігінде найзағаймен болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, көктайғақ болады, тұман түседі, солтүстік-батыс пен шығыста бұрқасын болады», - делінген хабарламада.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында желдің 17-22 м/с күшеюі байқалады, күндіз облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда екпіні 23-28 м/с, таулы асуларында 30 м/с және одан жоғары болады.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында – тұмант түсіп, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында – найзағай ойнайды, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 23-28, кей уақытта 30 м/с және одан жоғару болуы байқалады.
Атырау, Маңғыстау облыстарында жел 15-20 м/с күшейіп, облыстардың батысында, шығысында және орталығында екпіні 23-28 м/с, түнде Маңғыстау облысында кей уақытта екпіні 30 м/с және одан жоғары болады.
Қызылорда облысының орталығында жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстігінде - тұман, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.
Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, орталығында – көктайғақ болады, күндіз облыстың солтүстігінде – жаяу бұрқасын, желдің күші 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде 25 м/с күшейеді.
Қостанай облысының батысы мен орталығында - көктайғақ, тұман, облыстың шығысында, оңтүстігінде - жаяу бұрқасын болады, облыстың оңтүстігінде желдің күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с дейін жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде – тұман түседі, күндіз желдің күші 15-20, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 25 м/с дейін күшейеді.
Павлодар облысының оңтүстік-батысында – тұман түседі, күндіз облыстың батысында – көктайғақ болады, жел жылдамадығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында – тұман, көктайғақ болады, облыстың батысында, орталығында желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан жоғары болуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік, орталық бөлігінде - тұман, көктайғақ болады, түнде облыс орталығында - жаяу бұрқасын болады, облыс орталығында – желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күшеюі байқалады.
05 наурыз 2022 ж. 280 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930