Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық үшін жасалған нақты қадамдар

Халық үшін жасалған нақты қадамдар

1 наурыз күні «Nur Оtan» партиясының кезектен тыс ХХІІ съезі болып өтті. Аталмыш жиында Ел Президенті, партия төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сөз сөйлеп, ең алдымен қаңтар айындағы оқиғалар кезінде мемлекеттігіміз бен тұтастығымызды сақтап қалып, сын сағатта бейбітшілікті қолдауда қосқан үлестері үшін өз алғысын білдірді.
Партияның кезектен тыс съезінің 1 наурыз күні өтуінің тарихи маңызы бар деп есептеймін. Өйткені осыдан 23 жыл бұрын партияның негізі қаланып, «Отан» партиясы құрылған болатын. Осы кезең аралығында да біршама өзгерістер болғаны белгілі. Ал қазіргі уақытта «Nur Otan» партиясынан «Amanat» партиясына өзгеріп, тарихта кезекті маңызды оқиға орын алуда. Жалпы «Аманат» сөзінің мағынасына келер болсам ата-бабамызда алдыңғының соңғыға аманат қалдыратын дәстүрі болған. Қазақ халқы ондай аманатқа қиянат жасамаған. Міне осы сөзді берік ұстанып, тереңінен түсініп, жұмыс жасауымыз керек.
Жиын барысында Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстанды құру үлкен ауқымды міндет екенін және бұны жүзеге асыру үшін жаңа мақсат-міндеттерді айқындап алу керектігіне баса назар аударды. Сонымен қатар, жиынның күн тәртібіндегі негізгі мәселе партия атауын өзгертіп қою ғана емес, партия жұмысын жаңғырту бағытында атқарылатын алдағы нақты істерді талқылау екендігін алға тартты.
Партияны жаңғырту мақсатында партияның атқарушы хатшысы А.Оралов жеті басымдықты ұсынып, кеңінен талдау жасады. Ел тұрғындарымен тығыз қарым-қатынас жасау жалпыға басты міндет. Осы орайда халықтың үніне құлақ асып, халықпен кері байланыс жасауды басты басымдық етіп алғанын және мәжіліс пен мәслихаттардағы фракциялардың жұмысын, сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру, жастар саясатын өзгерту мәселелерін де байқауға болады.
Құрметті әріптестер және партияластар! Ұсынылған барлық нәтижелер оң нәтиже беріп, еліміздің бай, қуатты болуына үлес қосу баршамызға міндет. Ел тағдыры әрқайсымызға аманат деп білемін. Халық үшін жасалып жатқан бұл қадамдардың барлығын алдағы уақыттарда іске асыруда бірлесе жұмыс жасауға шақырамын!
Ибайдулла ТІЛЕП,
Облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі,
облыстық мәслихат депутаты
04 наурыз 2022 ж. 682 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930