Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Эпидемиологиялық жағдайға байланысты қандай шектеулер алынды?

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты қандай шектеулер алынды?

Елдегі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Үкіметтің Ведомствоаралық комиссиясы бизнес пен халыққа қатысты шектеу шараларын жеңілдетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, ұйымдар мен кеңселердің офлайн режимде жұмыс істеуі үшін шектеулер алып тасталды.
«Ashyq-та «жасыл» және «көк» мәртебесі бар адамдар (келушілер) үшін барлық эпидемиологиялық қауіп аймақтарында – объектілерге бару рұқсат етілген, сонымен қатар, «қызыл» аймақта халық көп жиналатын объектілерді 70%-ға дейін толтыруды шектеу сақталады», - дейді министр.
Бұған қоса, ревакцинация алған немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаса, COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алған, елге келетін ҚР азаматтары үшін міндетті ПТР-тестілеу тоқтатылды.
«Бізде мойындалған вакцинация паспорттары 30 шет елдің азаматтарына ПТР тестісіз кіруге рұқсат етілді. Бұдан басқа, халықтың осал топтарын вакцинациялаумен және ревакцинациялаумен қамтуды ұлғайту мақсатында Қазақстанда барлық топтағы мүгедектерге вакциналардың барлық түрлерін, соның ішінде «Pfizer» вакцинасын пайдалануға рұқсат етілді.
Сондай-ақ, 50 жастан асқан адамдарды ревакцинациялау үшін және бірінші компонентті шет елде алған адамдарға вакцинацияның бастапқы курсын аяқтау үшін «Pfizer» вакцинасын пайдалануға рұқсат етіледі»,-дейді министр.
22 ақпан 2022 ж. 429 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 158

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031