Тұрғындардың талап-тілектері тыңдалды
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары, "Nur Otan" партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Смағұл Бақытбек және Ғалым Әміреев аудандық партия филиалында аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар ауыл шаруашылығы, білім беру, азық-түлік бағасы, медициналық сақтандыру және мүгедектік бойынша алынатын төлем жөнінде өтіншітерін жеткізіп, ұсыныс-пікірлерін айтты.
Өз кезегінде Мәжіліс депутаттары тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, жеке-жеке тоқталып, алдағы уақытта тиісті жұмыстар атқарып, өз бақылауларына алатындығын жеткізді.
Қабылдау барысында бірақтар мәселелер бойынша сала басшыларымен және қызметкерлерімен байланысқа шығып, тұрғындардың сұрақтарына тиісті жауап алынып, ұсыныстары жазбаша қабылданды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат